АтырауМұнайМаш полиэтилен өндіретін болашақ зауытқа арналған бірегей ірі көлемді жабдықтарды дайындауға кірісті
22.08.2025
«Силлено» ЖШС-нің («ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы) басшылығы зауытты аралап, пиролиз қондырғысына арналған бағаналар мен негізгі жабдықтардың өндіріс барысы туралы ақпарат алды. Зауыттың өндірістік алаңдарында келесі жабдықтар бойынша жұмыс басталды:
- Суыту бағанасы (Quench Tower) – салмағы – 700 тонна, биіктігі – 51 метр;
- Этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator) – салмағы – 1 470 тонна, биіктігі – 101 метр.
Бұл екі жабдық полиэтилен өндірісінде негізгі кезең саналатын пиролиз қондырғысының құрамына кіреді. Тапсырысты орындау барысы қазіргі таңда 50%-дан асты.
Сонымен қатар, АтырауМұнайМаш пиролиз қондырғысына арналған тағы бір маңызды элемент – су дайындау жүйесінде еріген газдарды жоюға арналған деаэратор жабдығын дайындайтын болады. Еске сала кетсек, 2024 жылы қыркүйекте отандық өндірушілерді қолдау мақсатында өткен форум барысында пиролиз қондырғысының EPC-мердігері – Tecnicas Reunidas және Sinopec Engineering Incorporation консорциумы АтырауМұнайМаш зауытымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Нәтижесінде болашақ зауытқа арналған ірі көлемді жабдықтарды дайындауға тапсырыс берілді.