Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

АтырауНефтеМаш полиэтилен зауытына арналған ең ірі бағана өндірісінде маңызды межеге жетті

05.06.2026

«АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік алаңында Атырау облысында салынып жатқан жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіру зауытына арналған этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator) гидравликалық сынақтан сәтті өтті.

Диаметрі 7,5 метр болатын бағана – отандық машина жасау кәсіпорны өндірген ең ірі әрі аса ауыр технологиялық жабдықтардың бірі. Оның биіктігі – 101 метр, салмағы – шамамен 1,5 мың тонна.

Гидравликалық сынақ — жабдық сапасын бақылауда маңызды кезең. Ол бағананың герметикалық қасиеттерін, дәнекерленген қосылыстардың беріктігін және жабдықтың жобалық жүктемелерге төзімділігін тексеру мақсатында жүргізіледі. Сынақ барысында бағана шамамен 4,4 мың текше метр сумен толтырылып, қысымы жұмыс қысымынан жоғары деңгейге – 3 МПа-ға дейін көтерілді. Бағананың су құйғандағы жалпы салмағы 5,5 мың тоннаға жетті. Сынақ нәтижелері жабдықтың қауіпсіздік пен сенімділік талаптарына толық сәйкес келетінін растады.

Қазіргі уақытта бағана сырлауға және одан әрі «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан полиэтилен зауытының құрылыс алаңына жөнелтуге дайындалуда.

Этиленді бөлу бағанасынан бөлек, АтырауНефтеМаш жоба үшін тағы бір ірі габаритті жабдық – салмағы шамамен 700 тонна, биіктігі 50 метрден асатын және диаметрі 10 метр болатын суыту бағанасын (Quench Tower) дайындауда. Сонымен қатар, атыраулық кәсіпорын су дайындау жүйесіндегі еріген газдарды жоюға арналған, салмағы 145 тонна және биіктігі 27 метр болатын деаэратор жабдығын да өндіреді.

Аса ірі жабдықтардың қазақстандық кәсіпорында өндірілуі – жергілікті қамтуды дамытудың жарқын үлгісі. Бұл отандық машина жасаушылардың елдегі ең ірі мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыруда құзіреттерінің артып келе жатқанын көрсетеді. Силлено полиэтилен зауытын салу жобасын іске асыруға отандық өндірушілерді тартуды қолдай отырып, қазақстандық өнеркәсіптің дамуына және жергілікті кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>