Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазТрансОйл компаниясы Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы айына кемінде 80 мың тонна мұнай жеткiзедi

26.10.2023

2023 жылдың қазанынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін «ҚазТрансОйл» АҚ «Қашаған» кен орнынан мұнайды айын кем дегенде 80 мың тонна көлемінде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы, кейіннен Қара теңізге (Новороссийск порты, Шесхарис терминалы) жөнелтеді. 

Бұл шара күзгі-қысқы кезеңде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай айдаудың барынша техникалық мүмкіндігін сақтау мақсатында жүргізілуде.

Шикізатты жөнелтушілер: «Аджип Каспиан СИ Б.В.», «ЭксонМобил Қазақстан Инк.», «Инпекс Норт Каспиан СИ ЛТД», «ҚҰМК Қазақстан Б.В.», «ТотальЭнерджиз ЭП Қазақстан», «ҚМГ Қашаған Б.В.» және «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.».

Еске сала кетейік, 2023 жылдың наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ сынақ түрінде «Қашаған» кен орнынан 6,9 мың тонна мұнайды Ақтау порты арқылы одан әрі Баку портына экспортқа тиеп жіберді. Мұнай жөнелтуші «Инпекс Норт Каспиан СИ ЛТД».

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>