Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырауда болашақ мұнайшыларды даярлайтын оқу-өндірістік полигоны ашылды

06.09.2025

Атырау қаласында С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университеті жанынан болашақ мұнайшыларды даярлайтын оқу-өндірістік полигоны өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, университет ректоры Гүлзада Шакуликова, сондай-ақ мұнай-газ саласының ардагерлері қатысты. 

Жалпы жер аумағы 4 гектарды алып жатқан полигон «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды. Оқу полигоны — бұл жер қойнауын барлаудан бастап, көмірсутек өңдеуге дейінгі өндірістік процестердің толық циклі бар мұнай-газ өндіру мекемесінің шағын моделі.

— Еліміздің мұнай-газ секторына қажетті білікті мамандарды даярлау — ҚазМұнайГаздың алдында тұрған өзекті мәселе. Полигонда жаттығу элементтері өндірістік жағдайларға барынша ұқсас етіп салынған, студенттердің нақты операциялық міндеттерді шешуге және мұнай-газ технологияларын игеруге мүмкіндігі бар. Бұл жерде электргазбен дәнекерлеуші, токарь, оператор, машинист және басқа да мамандар тәжірибеден өтеді. Бұл бастама Қазақстан Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылында» аса маңызды, — деді А.Хасенов.

Полигон заманауи зертханамен, кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған оқу-өндірістік алаңдармен және тәжірибелік қондырғылармен, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдарымен жабдықталған. Жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету үшін екі ұңғыма бұрғыланды. Студенттердің таңдаған мамандықтарына сай практикалық тапсырмаларды орындауы үшін 15 оқу алаңы салынды.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті осындай заманауи технологиялық базасы бар Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>