Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Н.Жақыпов пен М.Мырзағалиев «ҚазМұнайГаздың» Атыраудағы нысандарын аралады

10.08.2023

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына жұмыс сапары барысында полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС кешеніне және Атырау мұнай өңдеу зауытына барды.

KPI кәсіпорнының басшылығы Н.Жақыповты жоба бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін тұңғыш интеграцияланған кешеннің жұмысымен таныстырды. Сатуға арналған алғашқы өнім 2022 жылы қарашада шығарылды (қазіргі уақытта 105 мың тоннадан астам полипропилен өндірілді).

Қолданылатын технология мен өндіріс көлемі жағынан Атыраудағы кешенге ұқсас кәсіпорындар әлемде небары 5 елде (Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және ҚХР) бар. Қазақстанда осы секілді ірі газ-химия кешенінің іске қосылуы құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібінде полипропиленнен жасалған бұйымдар өндірісінің дамуына серпін береді.

Қазіргі уақытта полипропилен өндіретін кешен жұмысы профилактикалық жөндеуге тоқтатылған.

«KPI Inc.» ЖШС бас директоры Данияр Тиесовтің айтуынша, кәсіпорын толық қуатына шығып, 100% жүктемемен жұмыс істеуі үшін кезең-кезеңімен жүретін кепілдік сынақтарға дайындық кезінде профилактикалық диагностика жүргізіп, анықталған ақауларды түзету үшін өндіріс алғашқы жоспарлы жөндеуге тоқтатылды. Зауыт жұмысы биыл тамыз айының үшінші онкүндігінде қайта жалғасады деп жоспарлануда.

Н.Жақыпов Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 2023 жылдың 7 айында орындаған өндірістік жоспар көрсеткіштері туралы, зауытта дербес энергия көзін қамтамасыз ету, жөндеу аралық кезеңді ұзарту және операциялық тиімділікті арттыру бағытында қолға алынған шаралар туралы баяндама тыңдады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты сұранысқа ие барлық мұнай өнімдерімен (автобензиндер, авиаотын, дизель отыны және т.б.) қатар, мұнай-химия өнімдерін де (бензол, параксилол) шығарады.

Биылғы 7 айдың нәтижесінде кәсіпорын Энергетика министрлігімен келісілген индикативтік жоспарға сай көлемде шикі мұнай өңдеп, негізгі мұнай өнімдерін өндірді. 2023 жылдың 7 айында кәсіпорын шамамен 3,4 млн тонна мұнай өңдеді. Осы аралықта 111 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын (жоспардан 9% артық), 970 мың тонна автобензин (жоспардан 14% артық), 68 мың тонна авиаотын (отынның бұл түрін сатып алуға өтінімдердің болмауына байланысты жоспардан 16 мың тоннаға төмен), 1 млн тоннадан астам дизель отынын (жоспардан 0,4% артық) өндірді.

«Атырау мұнай өңдеу зауытында Шымкенттегі кәсіпорын шығаруға тиіс жоғары октанды бензиннің орнын толықтыру үшін АИ-95 өндірісі артты. Зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету — компанияның басым міндеттерінің бірі.    Атырау мұнай өңдеу зауытын электр қуатымен жабдықтау деңгейін күшейту үшін Газ турбиналы электр станциясын (ГТЭС) және Атырау жылу электр орталығынан электр беру желісін салу жоспарланған. Биыл 18 тамызда кәсіпорында ГТЭС құрылысына қызығушылық танытқан болашақ инвесторлар үшін Ашық есік күні өтеді», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>