Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаздың Атырау облысындағы еншілес ұйымдары өңірге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр

10.04.2024

«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары қаласының 19 адамын уақытша баспанамен қамтамасыз етті. Олар компанияның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Бейнеу» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының жатақханасына орналастырылды. Қазір су тасқынынан зардап шеккен әйелдер мен балалар қауіпсіз жерде орналасқан. Олар ең қажетті заттармен, 3 мезгіл ыстық тамақпен, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ Атыраудағы Жайық өзенінде және Құлсарыдағы Жем өзенінде жағалау бекіністерін қалпына келтіру үшін 34 арнайы техника бөлді: 13 самосвал, 7 фронталды тиегіш, 1 жылжымалы отын құятын көлік, 3 пикап, 1 трал, 1 бульдозер, 4 экскаватор, 1 КАМАЗ (АРМТ), 1 жүк тиегіш, 1 УАЗ, 1 экскаватор-тиегіш.

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысының аудандары мен Атырау қаласына 40-тан астам арнайы техника мен 14 тоннадан астам жанармай бөлді. Бұдан бөлек, компания су тасқынына қарсы іс-шараларға қажет заттар (қап, қолғап, бір реттік комбинезондар және күректер) берді.

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі бар болғандықтан, Атырау облысының әкімдігі өңірдегі компаниялар мен ұйымдар арасында өзен бойына қорғаныс бөгеттерін тұрғызуға арналған аумақтарды бөліп берді.

«Ембімұнайгаз» АҚ Махамбет ауданы Алмалы ауылының ауданында ұзындығы 4,4 шақырым учаскеде қорғаныс бөгетін салуға қатысты. Сондай-ақ, 8 сәуірден бастап Сары-Өзек өзенінің бойында дәл осындай жұмыстар атқарды. «Ембімұнайгаз» қызметкерлері Құлсарыдағы су тасқынының салдарын жою шараларына да атсалысты. Соңғы екі аптада компанияның 500-ден астам қызметкері Атырау облысындағы су тасқыны салдарын жоюға және жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдырылды.

Бөгет салу жұмыстарына «KPI Inc.» ЖШС-нің қызметкерлері де атсалысуда. Әкімдік бөліп берген Айнаш Байжігітова, Бейбітшілік, Бауыржан Момышұлы және Асқар Бисекенов көшелерінің жағасын көтеру жұмыстары 24 сағат бойы, 2 ауысыммен жүріп жатыр. Бұдан бөлек, KPI Жылыой ауданының Ақкиізтоғай ауылы мен Махамбет ауданына қажетті техниканы жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>