Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау МӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жөндеу аяқталды

07.12.2022

Атырау мұнай өңдеу зауытында 32 технологиялық қондырғыны жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қондырғыларды жөндеу кезек-кезеңімен жүзеге асырылды. Бұл тәсіл мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік берді және отандық  мұнай өңдеу зауыттарында алғаш рет қолданылды.

Жөндеу барысында катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлы, сыйымдылықты, коллонналық, жылуалмасу жабдықтары мен құбырларды тексеру мен куәландыру, насосты-компрессорлық, энергетикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу, технологиялық пештерді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жоспарлы жөндеу кезінде зауыт 50-70%-ға тең қуаттылықпен жұмыс істеп, мақсатты өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастырды. Қазан-қараша айларында 581,4 мың тонна мұнай өңделді. Мұнай өңдеудің орташа тәуліктік көрсеткіші 9531 тоннаны құрады. Бұл зауыттың жобалық қуаттылығының 57%-на тең. Сондай-ақ мұнай өнімдерін шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші: 1570 тонна автобензин, 2 100 тонна дизельді отын, 120 тонна реактивті отын және 155 тонна сұйытылған газды құрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>