Ембімұнайгаз бен Атырау мұнай өңдеу зауытында комплаенстің заманауи стандарттарын енгізу талқыланды
30.05.2025
2025 жылғы 30 мамырда Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де (АМӨЗ) комплаенс-қызметтердің жұмысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шараға қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Асхат Жұмағали, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов, ЕМГ мен АМӨЗ басшылары, сондай-ақ ҚМГ комплаенс қызметінің өкілдері қатысты.
ЕМГ мен АМӨЗ-дің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны алдын алу, ҚазМұнайГаз компаниялар тобында комплаенстің заманауи стандарттарын енгізу, аталған кәсіпорындарда бизнес-процестердің ашықтығын арттыру және тұтастай алғанда мемлекет пен квазимемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі жұмысы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар жиында көтерілген барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.