Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырауда горизонталды ұңғымаларды бұрғылау және полимерлі суландыру бойынша кеңес өтті

20.10.2023

Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарда горизонталды ұңғымаларды бұрғылау және полимерлі суландыру мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті.

Мұнай-газ өндірудегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиын осымен екінші рет өтіп отыр. Осыған дейін мұндай кеңес елордада ұйымдастырылған болатын. Бұл техникалық басшылар кеңесінің мүшелері, ҚМГИ және ҚМГ еншілес ұйымдарының тәжірибелі мамандары арасында пікір мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бірден-бір алаңға айналды.

Жиында «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ өкілдері горизонталды ұңғымаларды бұрғылаудың тиімді тұстарын, тәуекелдер мен қиындықтарды, оларды шешу жолдарын, технологиялық құрылысы мен геонавигациялық қолдау шараларын толық талдау нәтижелерін таныстырды. ҚМГ еншілес кәсіпорындарында 2010-2023 жылдар аралығында барлығы 242 горизонталды ұңғыма бұрғыланды.

Қатысушылар горизонталды ұңғымалар құрылысын жоспарлау және жүргізу, горизонталды ұңғыманы аяқтау технологиясы және пайдалану мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, қатысушылар өндірісте полимерлі суландыруды енгізу, учаскелерді дайындау бойынша ұсыныстарды тыңдап, технологияның экономикалық және технологиялық тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Полимерлі суландыру Қаламқас, Забұрын, Шығыс Молдабек кен орындарында кеңінен қолданылады. Сондай-ақ 2024 жылдан бастап оңалту жобасы бойынша Өзен кен орнының пилоттық учаскесінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу жоспарда.

ҚМГ технологиялық сын-тегеуріндердің орындалу барысын және еншілес ұйымдардың мұнай өндіру коэфицентін ұлғайту жөніндегі іс-шараларды талқылау мақсатында осындай басқосуларды өткізіп тұруды көздейді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ