Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдері тиісті көлемде жөнелтіледі

27.09.2023

Атырау мұнай өңдеу зауыты өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес 1 қазанға жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына дайындалуда.

Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстары жыл сайын өткізіледі және бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға, олардың жарамдылығын ұзартуға бағытталған технологиялық жабдықты күту, қадағалау, пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді.

Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына 1 600-ге жуық мердігерлік ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ 116 бірлік арнайы техника жұмылдырылатын болады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы "азаматтық қорғау туралы" Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бұл кезде өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Зауыттың резервуарларында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталмас бұрын жинақталған мұнай өнімдері 36 мың тонна автобензин мен 32 мың тонна дизель отынын құрайды.

Сонымен қатар, қазан айында 16 мың тонна автобензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр.

Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен жөнелту ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылмақ.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>