Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында резервуарларды экологиялық жаңғырту жалғасуда

26.08.2025

 Атырау мұнай өңдеу зауыты (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды арнайы қалқымалы құрылым — понтонмен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жоба — кәсіпорынның экологиялық бағдарламасының маңызды бөлігі.   Алюминийден жасалған құрылымдарды арнайы Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін нидерландтық Maxwell Continental Tank Serv Engineering B.V. компаниясы жасады. Олар жеңіл, коррозияға төзімді, оңай монтаждалады және жоғары өрт қауіпсіздігімен ерекшеленеді.  

 Жаңғырту бағдарламасына сәйкес зауытта понтонмен жабдықталуы тиіс 75 резервуар бар. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде: 2018 жылы мұнайды терең өңдеу өндірісін салу кезінде 51 резервуар қалқымалы құрылыммен жабдықталды. 2022–2023 жылдары 7 резервуарға, 2025 жылдың тамыз айында тағы 2 резервуарға понтон орнатылды. 2026 жылдың соңына дейін 11 резервуарға понтон орнату жоспарланған. Қалған төрт резервуар бағдарламаның келесі кезеңінде жүзеге асырылады.  

Понтондар көмірсутек шығарындысын 90% дейін азайтуға мүмкіндік береді. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қоршаған ортаға эмиссиялар көлемі 5 340 тоннаны құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17 тоннаға азайды.   Бұл жоба Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық жауапкершілік қағидаттарын ұстанатынын растайды және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосуда.  

Понтон — бұл резервуардағы сұйықтықтың бетіне орнатылатын ішкі қалқымалы құрылым. Оларды орнатудың бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, олар көмірсутектердің булануын болдырмайды, бұл өз кезегінде шығынды азайтуға және мұнай өнімдерінің сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар понтондардың болуы өрт пен жарылыс қауіпін азайту арқылы нысанның қауіпсіздігін арттырады және ең бастысы қоршаған ортаға теріс әсерді едәуір азайтады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>