Атырау мұнай өңдеу зауыты резервуарларды понтонмен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруда
17.09.2026
Кәсіпорынның экологиялық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды арнайы қалқымалы қақпақ — понтонмен жабдықтауды жалғастырып келеді.
Понтон резервуарлардың ішіне орнатылады. Қалқымалы құрылымдар көмірсутектердің булануын азайтып, атмосфераға бөлінетін шығарындыларды төмендетуге, сондай-ақ технологиялық шығындарды қысқартып, өнім сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Зауытта понтонмен жабдықталуы тиіс 75 резервуар бар. 2018 жылы 51 резервуарға, 2022–2023 жылдары тағы 7 резервуарға, ал 2025 жылы 2 резервуарға понтон орнатылды.
2026 жылы бұл жұмыс 6 резервуарда жүргізілді, жыл соңына дейін тағы 5 понтон орнату жоспарлануда. Қалған 4 резервуар экологиялық бағдарламаның келесі кезеңінде понтонмен жабдықталады.
Аталмыш шаралар әр резервуардан бөлінетін көмірсутек шығарындыларын 90% азайтуға мүмкіндік береді.