Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында иістің ашық көзі жойылды

17.07.2025

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін және сасық иіс шығарып тұрған негізгі ошақтың бірі — РЕКС мұнайтұтқышын жою ауқымды жұмыстарын аяқтады. Бұл кәсіпорынның табиғатты қорғау бағдарламасы аясындағы маңызды қадамы.

Мұнайтұтқыш немесе мұнайбөлгіш—бұл жеңіл мұнай өнімдерін ағынды судан оңай бөліп алуға арналған арнайы тазарту қондырғысы. Оның негізгі жұмыс жасау принципі—гравитациялық бөліну, яғни жеңіл мұнай өнімдері жер бетіне қалқып шығады, содан кейін олар жиналады. РЕКС – кәріз секциясының резервуары дегенді білдіреді. Мұндай мұнайтұтқыш бірнеше камераларға немесе бөлімдерге бөлінген үлкен үлкен ыдыс сияқты. Бұл секциялық конструкция су ағынын тиімді бәсеңдетуге және секциялар арқылы өткен кезде мұнай өнімдерін бөлуге мүмкіндік береді. АМӨЗ-дағы РЕКС  мұнайтұтқышы 1945 жылы пайдалануға берілген, оның ауданы 1 000 шаршы метрді құрайды.

2024 жылдың қазанында мұнайтұтқышты босату жұмыстары басталып, барлығы 7 100 тонна қалдық шығарылды. Бұл жинақталған қалдықтың көлемді екенін көрсетеді. 2025 жылдың сәуір айында нысан толықтай жойылды. Жоба – АМӨЗ-дің тұрақты даму қағидаттары аясында қоршаған ортаға экологиялық әсерді азайту және өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралардың бірі.

Жөнделген мұнайтұтқыштың орнына буферлік сыйымдылық пен шағын конденсаттық станция салу жоспарланған. Жаңа нысандар штаттан тыс жағдайлар кезінде ағынды суларды қабылдап, уақытша сақтау үшін пайдаланылады. Бұл бақыланбайтын төгінділердің алдын алуға және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ технологиялық процестерде пайда болатын конденсатты өңдеуге және жинауға арналған, оны одан әрі кәдеге жаратуды немесе тазартуды қамтамасыз ететін шағын конденсат станциясы салынады.

Айта кету керек, бұл АМӨЗ-нің алғашқы табиғатты қорғау бастамасы емес. 2023 жылы Tazalyq экологиялық жобасы аясында жүргізілген механикалық тазарту қондырғыларын (МТҚ) жаңғырту жұмыстары кезінде АМӨЗ аумағында бес ашық тоған жойылған еді. Алтыншы бассейн  – апаттық қамба арнайы топсалы құрылыммен жабылды. Бұл булану мен иістердің таралуын едәуір азайтты. Осы қадамдар АМӨЗ-нің экологиялық жағдайды жақсартуға және өндірісті заманауи стандарттарға сәйкес жаңартуға бағытталған жүйесі жұмыстарын көрсетеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>