Атырау мұнай өңдеу зауыты сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасын жүзеге асырып жатыр
21.04.2026
Жоба ұзындығы 24 км және 24,1 км болатын кернеуі 220 кВ екі бір тізбекті әуе электр беру желісін салуды көздейді.
Бұл бастаманы жүзеге асыру өндірістік процестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін резервтік электр қуаты көзін құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар апаттық жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетеді және негізгі желіде іркілістер болған кезде аса маңызды жабдықтардың қорғанысын арттырады. Сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар кезінде шикізатты мәжбүрлі түрде факелді қондырғыларға жіберу қаупін төмендетеді.
Жалпы, бұл шаралар энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік деңгейін күшейтуге бағытталған.
Бүгінде құрылыс алаңына жабдықтар мен материалдар жеткізілуде, сондай-ақ темірбетон тіректерді дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.