Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Асхат Хасенов ҚМГ ұжымын Амал күнімен құттықтады

14.03.2025

 Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Амал мейрамына орай салтанатты іс-шара өтті.

ҚМГ басшысы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, бұл күн бірлікті дәріптейтін, табиғаттың жаңаруын айшықтайтын, Наурыз мерекесінің бастауы болып саналады.

— Амал достық пен ауызбіршілікті нығайтатын маңызды дәстүр, сондай-ақ ол мәдени құндылықтарды сақтауға көмектеседі. Осы күні жұрт бір-бірімен қауышып, жасы үлкендерге арнайы барып, амандасып, ізгі тілектерін білдіреді. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін, — деді А.Хасенов.

Сондай-ақ мейрамға орай компания құрылғаннан бері 23 жыл бойы корпоративтік орталықта үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерге құрмет грамоталары мен естелік төсбелгілер табыс етілді.

ҚМГ басшысы олардың қызметке адалдығы мен жоғары кәсіби шеберлігін және компания дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Қызметкерлерге көп жылдық әрі жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік төсбелгісімен:

  • Жұмақанова Қарлығаш Абайқанқызы;
  • Шалахметова Дина Георгиевна;
  • Ілиясов Бауыржан Аманкелдіұлы;
  • Ержанова Ләйлә Сырымғалиқызы;
  • Арықбаева Толқын Қуантайқызы марапатталды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен Шаяхметова Ақмарал Шәкизатқызы марапатталды.

Бұдан бөлек, ҚМГ басшысы «Самұрық-Қазына» тобының алғашқы қысқы Спартакиадасында шайбалы хоккейден чемпион атанған ҚазМұнайГаз құрамасына Алғыс хаттар табыстады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Алғыс хаты мыналарға берілді:

  • Бекбосынов Бекболат Құралұлы — «Ембімұнайгаз» АҚ;
  • Сәрсенғалиев Самат Аманкелдіұлы — «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС;
  • Әнғалиев Нұрлан Амантайұлы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС;
  • Оразбеков Марлен Әрмияұлы — «Қашаған Б.В.»;
  • Бұқанов Самат Әлиұлы — «KMG Barlau» ЖШС;
  • Боранғали Айбек Тлекқабылұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ;
  • Садриев Рустам Асхатұлы — «Becturly Energy Operating» ЖШС;
  • Сафаров Дмитрий Дмитриевич — «Karaton Operating Ltd» ЖМ;
  • Исенов Алмат Болатұлы — «KMG Barlau» ЖШС;
  • Оралбек Дияр — «АБК — Бетон» ЖШС.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>