Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мамандардың кәсіби дамуы: ҚазМұнайГаз «Алып» бағдарламасын бастады

12.11.2024

Ақтауда өткен «Алып Day» форумында үнемді ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бағдарлама өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта 60-тан астам маман іріктелді.

«Алып» бағдарламасы ‒ бұл жетік ойлау мен тәсілдерді трансформациялау. Бағдарламаға қатысушылар операциялық қызметті жетілдіруге және тұрақты өсуді қамтамасыз етуге көмектесетін әлемдік тәжірибелерді үйренетін болады. Бағдарлама компанияның барлық бағыты мен бизнес-процестерін қамтиды. Жұмысшылардан бастап топ-менеджерлерге дейін үнемі жетілдіру мен тиімділікті арттыру шешімдерін іздеуге қатысады.

Форум барысында қатысушылар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының нақты кейстерін талдады. Атап айтқанда, процестерді оңтайландыру, жабдықтарды басқару және еңбек өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды. «Алып» бағдарламасы өндірістік тізбектің әрбір кезеңін жетілдіруге ықпал ететін болады.

Сонымен бірге болашақ көшбасшылар өз кәсіпорындарында тиімділікті арттыру, инновациялар және тұрақты жетілдіру бойынша бастамаларды енгізу үшін өзара іс-қимыл әдістемелерін игерді. Жалпы, бұл бағдарлама әрбір қатысушыға өз ісіне деген жаңа көзқарас қалыптастырып, өндірістің заманауи талаптарына сай болуға жол ашады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>