Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алматы мен Қарағандыда «Жарқын болашақ» бағдарламасының қатысушылары басқосты

06.11.2023

«Жарқын болашақ» білім беру жобасы бойынша Алматы мен Қарағандының үздік колледждерінде білім алып жатқан Маңғыстау облысының балалары қазан айының соңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықовамен таныстыру сессияларында кездесті.

Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаз «Жарқын болашақ» жобасымен жалпы еліміз бойынша Маңғыстаудан шыққан 449 жоғары сынып оқушысының білім алуын қаржыландырады. Биылғы оқу жылында еліміздің үздік білім беру мекемелеріне Жаңаөзен қаласының тұрғындары ғана емес, Маңғыстау облысының ҚМГ кәсіпорындары орналасқан Маңғыстау, Мұнайлы және Қарақия аудандарының тұрғындары да оқуға қабылданды.

«Жарқын болашақ» жобасы бойынша балаларға оқу ақысы, жатақхана және жол жүру шығындары, сондай-ақ ай сайын стипендия түрінде қайтарымсыз қаржылық көмек беріледі.

Алматы мен Қарағандыда өткен кездесулерде Маңғыстаудан келген жоғары сынып оқушылары ғана емес, сонымен қатар мектеп, колледж басшылары, өңірлік білім басқармасының өкілдері басқосты.

Жиын кезінде оқу, жұмысқа орналасу мен еңбек жолына қатысты өзекті сұрақтар қойылды.

Г.Әбдіқалықова сұрақтарға жауап бере отырып, жас мамандардың ғылыми жұмысқа көңіл бөлуін, бұл бастамаларды қолдаудың маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде мұнай-газ саласына және жалпы елімізге, ең алдымен, білікті ғылыми кадрлар қажет екеніне назар аударды.

«Қазақстан халқының бестен бір бөлігі – жастар. Мемлекетіміздің болашағы білімді жастарға, яғни, сіздердің күш-жігерлеріңізге байланысты. Жастар кез келген елдің айнасы болғандықтан, қолжетімді әрі сапалы білім алуға мүмкіндік жасау – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. ҚазМұнайГаз осылайша отандық білім беру жүйесінің дамуына өз үлесін қосуды көздейді. Дарынды жас мамандарды жұмысқа орналастырумен қатар, еліміздегі жастарға өз мүмкіндігін көрсетуге, олардың әлеуметтік жағдайы жақсаруы үшін кәсіпкерлікті де дамыту аса маңызды», - деп атап өтті ҚМГ төрағасының кеңесшісі.

Сондай-ақ, кездесуде ҚазМұнайГаз «Жарқын болашақ» білім беру жобасын қолдауды және ауқымын одан әрі кеңейтуді жалғастыруға ниетті екені айтылды.

Дарынды балалар политехникалық, көлік, экономика, технология, гуманитарлық, спорт және басқа да мамандықтар бойынша еліміздегі үздік орта және арнаулы орта білім беру мекемелерінде білім алады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>