Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алматыда Қазақстанның полимер саласын дамытуға арналған «Өңдеушілер күні» атты конференция өтті

18.07.2023

18 шілдеде отандық шикізаттан жасалған полимер өнімдері нарығын дамытуға арналған конференция өтті.

Конференция В2В форматында өткізілді: оған полимер өндірушілер («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, СИБУР, КРІ) және Қазақстан мен Ресей полимер шикізатының 70-тен астам тұтынушысы қатысты.

Бұдан басқа, іс-шарада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің өкілдері, әкімдіктердің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері болды.

«Өңдеушілер күні» барысында Қазақстанның мұнай-газ-химия саласын дамыту перспективаларына және одан әрі терең өңдеу мәселелеріне басты назар аударылды.

Мұнай-газ-химиясының тұтынушылары қатарына барлық дерлік саланы жатқызуға болатыны белгілі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина және т.б.

Мұнай-газ-химия өнімдерін (ПЭ, ПП және ПЭТФ) базалық деңгейде өндіруге арналған жеке кәсіпорынның болуы базалық өнімді өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарға дейін өңдеп, дайын өнімді одан әрі экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін жаңа өндірістерді игеруге жол ашады.

Сондықтан стратегиялық бағдарламаларды отандық мұнай-газ-химиясы саласының мүмкіндіктерімен өзара байланыстыру арқылы импортты алмастыруға және полимерлерді тұтынуды арттыруға көңіл бөлу ұсынылады.

Анықтама үшін: 2022 жылы 1,37 млрд АҚШ доллары сомасына пластмассалар мен олардан жасалған бұйымдар немесе  жалпы импорттың 3,8%-і (36,4 млрд АҚШ доллары) импортталды. Импорт құрылымында негізгі көлем полимерлерден жасалған дайын өнімдерге келеді: ыдыс-аяқ, құрылыс материалдары және т. б. Бұл ретте 2021 жылмен салыстырғанда бастапқы нысандағы полипропилен импорты (33%-ке) айтарлықтай төмендеді және бұл көрсеткіш негізінен Атырау облысында полипропилен өндіру зауытының іске қосылуына байланысты азайды.

Дамыған елдерде полимерлерді тұтыну жан басына шаққанда 90-95 кг-ға жетеді. European Plastic and Rubber Machinery мәліметіне сәйкес, Қазақстанда бұл көрсеткіш 20 кг-ға жетер-жетпес. 

«Полимерлерді тұтыну көлемінің өсуіне елдегі стратегиялық құжаттарда қамтылған жобалардың іске асуы негіз бола алады. Бұл тұста мемлекеттік бағдарламалар мен отандық полимер өндірісінің мүмкіндігін өзара байланыстыру қажет. Басымдық отандық полимерден өнім шығаратын шағын және орта бизнесті дамытуға берілуі қажет», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>