Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ақтау битум зауыты өндіріс қарқынын арттыру жолында

02.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Caspi Bitum» БК ЖШС басшылығымен кеңес өткізді. Жиында зауыт қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың битум өндірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау барысы ҚМГ басшысының жіті бақылауында. Өткен айда М.Мырзағалиев зауыт басшылығымен өткізген жиын барысында жобаны іске асыру бойынша нақты тапсырма берген болатын. Бүгін ҚМГ басшысы атқарылған жұмыс жөнінде есеп тыңдады.

Қазіргі уақытта Нанкин мұнай-химия жобалау институты (NJPEC) техникалық аудитті аяқтап, егжей-тегжейлі жұмыс кестесін жасақтады және кәсіпорынды жаңғырту нұсқаларын ұсынды.

Бұдан бөлек, Қытай тарапының келісімі бойынша мердігер ұйым таңдалып, жобаны қаржыландыру схемасы алдын ала анықталды.

Зауыт басшылығы жоба нақты белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылып, 2024 жылдың соңында аяқталады деп мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Үкімет тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпорын битумды (сұйық түрінде) сақтауға арналған резервуар паркін 9 мың текше метрден 29 мың текше метрге дейін ұлғайту жобасын әзірлеуге шарт жасасты. Сондай-ақ зауыт шығаратын өнім түрлерін кеңейту үшін жылына 75 мың тонна авиакеросин (соның ішінде Jet А-1 маркалы) өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.

Кеңес қорытындысы бойынша М.Мырзағалиев жобаны белгіленген мерзім ішінде жүзеге асыруды, сондай-ақ оның құнын «Caspi Bitum» БК ЖШС акционерлерімен келісуді тапсырды.

Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымында битумды екі кәсіпорын өндіреді: Ақтау битум зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты. Жол битумын өндіріп шығаратын «Caspi Bitum» жылына бір миллион тонна мұнай өңдеу қуатымен 2013 жылы іске қосылды. Зауыттың мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Бұл, өз кезегінде, жол битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашады. Қазір өндірісте пайдаланылатын Қаражанбас кен орнының мұнайы сапасы жоғары, ТМД елдері ішінде ең таңдаулы жол битумын шығаруға мүмкіндік береді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>