Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырауда ашылған жаңа Академия мұнай-газ химиясы саласына қажет болашақ инженерлерді даярлайды

01.04.2026

Атырау қаласында еліміздің мұнай-газ химиясы саласына қажетті болашақ инженерлер мен техникалық мамандарды даярлауға бағытталған MAIRE Jaryq академиясы ашылды. Бастаманы MAIRE (Tecnimont) халықаралық инжиниринг компаниясы Қазақстанның өнеркәсіптік және білім беру ұйымдарымен серіктестікте жүзеге асыруда.

MAIRE (Tecnimont) — «ҚазМұнайГаз» компаниясының Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан Силлено полиэтилен өндіру зауыты және Газ сепарациялау кешені (KMG PetroChem) мұнай-газ химиясы жобаларындағы серіктесі.

Академия қатысушыларын KMG PetroChem Басқарма төрағасы Диаз Диянов және «Силлено» ЖШС полимерлеу және ЖЗШ нысандары бойынша кіші жоба жетекшісі Дастан Кулпайстанов құттықтады.

MAIRE Jaryq бағдарламасы студенттер мен жоғары оқу орындарын жаңадан тәмамдаған түлектерге арналған екі бағыттан тұрады. Жыл сайын 60-қа дейін маман даярлау көзделген, ал төрт жылда олардың жалпы саны шамамен 240 адамға жетеді. Қатысушылар заманауи технологиялар мен практика арқылы халықаралық деңгейдегі инженерлік тәжірибелерді меңгереді. Оқу үдерісі басқару құзыреттерін дамыту, стратегиялық ойлау қабілетін жетілдіру, тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырылады.

Оқу бағдарламасының нәтижесінде студенттер Қазақстандағы Газ сепарациялау кешені мен Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы сияқты ірі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаның алғашқы легі Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің іріктеуден өткен 20 студентінен құралды. Бағдарламаның екінші легі инженерлік мамандықтардың 40 түлегін қамтитын болады.

MAIRE (Tecnimont) алдағы уақытта бағдарлама ауқымын кеңейту және салалық мамандар даярлау мақсатында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Назарбаев Университеті мен Қазақстан-Британ техникалық университетімен ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>