Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Астана халықаралық форумының жұмысына қатысты

29.05.2025

«ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астана халықаралық форумы (AIF) аясында өткен «2025 жылғы энергетикалық қауіпсіздік: энергетикалық ауысу мен тұрақтылық арасындағы теңгерім» атты панельдік сессиясында сөз сөйледі.

А.Хасенов өз сөзінде ҚМГ мұнай-газ саласындағы негізгі компания екенін және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі — геологиялық барлауды жандандыру. Бұл өз кезегінде еліміздің минералды-шикізат базасын нығайтуға және Shell, Chevron, CNOOC және басқа да халықаралық серіктестерді тартуға ықпал етеді.

Өркендеудің тағы бір қозғаушы күші ретінде ҚМГ мұнай-газ химия саласын қарастырып отыр. «Полипропилен» және «Полиэтилен» жобаларын жүзеге асыру, басқа да мұнай-химия өндірістерін іске қосу шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесіп, инновациялық кәсіпкерлік пен технологиялық прогресс үшін тың мүмкіндіктер ашады.  

Сонымен қатар энергияның жаңа көздеріне көшу мен климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық тенденцияларды ескере отырып, ҚазМұнайГаз инновациялық тәсілдер мен цифрландыруды енгізіп, жаңа кезеңге барынша бейімделіп келеді. Осылайша, компания парник газдары шығарындыларын азайтуға бағытталған өзінің Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыруда. ҚМГ кәсіпорындары энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды қолға алды.  

А.Хасенов ҚМГ-ның жаңартылатын энергия көздері мен көміртегі ізін азайту саласындағы бастамалары жөнінде де айта кетті. Қазіргі уақытта компания ағымдағы операциялық қызмет, мұнай-химия бизнесі мен «жасыл» технологияларды дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталғанын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>