Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

AI & Digital Bridge 2026: ҚМГ кен орындардың Цифрлық телнұсқасын таныстырды

03.10.2026

Астана қаласында AI & Digital Bridge 2026 форумында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке өндірістік нысандардағы цифрлық жобалардың іске асу барысы туралы баяндады.

Ұлттық компания енгізіп жатқан жобалардың бірі – жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі кен орындардың Цифрлық телнұсқасы.

Жүйе жер қабаты, ұңғымалар, өндіру туралы деректерді біріктіреді, игеру сценарийлерін есептейді, сондай-ақ технологиялық және экономикалық тиімділікті ескере отырып, оңтайлы нұсқаларды ұсынады. ЖИ көптеген деректерді есептеп, ұсыныстарды бірнеше сағат ішінде қалыптастырады. Бұған дейін бұл жұмыс бірнеше айға созылатын.

Өндірілуі қиын қорлардың үлесі ұлғайып келе жатқан ҚМГ-ның ескі кен орындары үшін жаңа технологияларды пайдалану ерекше маңызға ие. Цифрлық құралдар деректерді дәл талдауға, есептеу мерзімін қысқартуға және қымбат далалық эксперименттерді жүргізбей-ақ, кен орынды одан әрі игеру бойынша шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.

Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ Шығыс Молдабек кен орнының Цифрлық телнұсқасы көрсетілді.

Бастапқы кезең - қабаттың өзекті геологиялық-гидродинамикалық үлгісі. Оның негізінде жүйе игеру нұсқаларын есептейді, қалдық қоры бар учаскелерді анықтайды және қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің тиімділігін арттырады. Бұл кен орнында цифрлық қабат 700-ге жуық сценарийді есептеп берді.

Келесі деңгей - ұңғыма. Цифрлық телнұсқа ұңғымаларды әлеуеті бойынша саралайды, геологиялық-техникалық іс-шараларға кандидаттарды автоматты түрде таңдайды және ұңғымалардың жұмыс режимдерін анықтауға, соның ішінде күрделі жағдайларды болжауға көмектеседі. Цифрлық өндіру ұңғыма қорының мониторингін қамтамасыз етеді: деректер әр бес минут сайын жаңартылып отырады, бұл ұңғымалардың күйін жылдам бақылауға және ауытқулар кезінде тезірек әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар цифрлық құралдарды қолдану өндіру шығынын 5% азайтуға және еңбек шығынын 15% дейін қысқартуға ықпал етеді.

Осы кезеңдер арасындағы Цифрлық телнұсқаның контурына өзара байланысты өндірістік іс-шаралар кіреді: жөндеуді жоспарлау, көлікті басқару және жасанды интеллект арқылы сатып алу, сондай-ақ өндірістік жұмыстарға рұқсат беру. Бұл процестерді цифрлық форматқа көшіру шешімдердің жеделдігін және өнеркәсіптік әрі өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Жалпы, ҚМГ Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылында» өзінің активтеріне жаңа технологияларды жүйелі түрде енгізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. 2028 жылдың соңына дейін компаниялар тобындағы өндіру көлемінің 90%-дан астамын қамтамасыз ететін 12 кен орнында цифрлық телнұсқаларды енгізу жоспарлануда. Жобаның ауқымын кеңейту қосымша 2,8 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді, ал экономикалық тиімділік шамамен 326 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>