Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент зауытында тиісті көлемде өндірілмеген АИ-95 маркалы бензинді Атырау зауыты шығарады

01.07.2023

Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПҚОП» ЖШС) 3-14 шілде аралығында жылу алмастырғышты тексеріп, катализаторды қалпына келтіру мақсатында каталитикалық риформинг қондырғысын тоқтату жоспарланып отыр.

 Жылу алмастырғыштағы ақау 15 наурыздан 8 сәуірге дейін зауытта жүргізілген жоспарлы жөндеу кезінде анықталды. Наурыз айында өндіруші Lanpec компаниясының өкілдері жылу алмастырғышқа жөндеу жүргізді. Алайда, зауыт іске қосылғаннан кейін осы қондырғыда өндірілетін бензин сапасы нашарлағаны байқалды.

Осыған байланысты маусым айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 маркалы бензин шығару тоқтатылды. Дей тұра, Шымкент зауытында тиісті көлемде өндірілмеген АИ-95 маркалы бензинді Атырау мұнай өңдеу зауыты есебінен шығарады.

Жөндеу жұмыстары барысында АИ-92 бензинінің өндірісі тәулігіне 2,5 мың тонна көлемінде сақталады. Зауыттың жұмысын толық тоқтату жоспарда жоқ. Дизель және әуе отыны Шымкент МӨЗ-де жинақталған қор есебінен  жөнелтіле береді.

Жөндеуден кейін жылу алмастырғыш қалпына келіп, катализатордың жұмыс қарқыны артады деп жоспарланып отыр. Жылу алмастырғыштың пайдалану мерзімі аяқталуға жақын екенін ескере отырып, Шымкент зауыты үшін жаңасына тапсырыс берілді. Жоспар бойынша жабдық зауытқа 2024 жылдың бірінші тоқсанында жеткізіліп, 2024 жылы жоспарлы жөндеу кезінде орнатылатын болады.

ПҚОП-тағы риформинг қондырғысының тоқтауы нарыққа кері әсерін тигізбейді, өйткені Қазақстан Республикасындағы АИ-92 бензині мен дизель отынының қоры бір айлық тұтыну көлеміне жетеді, ал АИ-95 бензинінің қоры екі аптаға жеткілікті. Демек, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жағдай жанар-жағармай нарығына кері әсер етпейді. Еліміздің оңтүстік өңірлері Атырау мұнай өңдеу зауыты шығаратын АИ-95 маркалы бензинімен қамтылатын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>