Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Президенттің ағаш отырғызу бастамасына қолдау көрсетті

14.10.2023

14 қазанда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 300-ге жуық қызметкері елордада көшет отырғызу бойынша корпоративтік экологиялық акциясын өткізді. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу бастамасына қолдау көрсетті.

Экоакцияға ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев қатысты.

Іс-шара мақсаты – экологиялық жауапкершілік пен қоршаған ортаға қамқорлық идеяларын дәріптеу, сондай-ақ қаланы жасыл желекке айналдыру.

«ҚазМұнайГаздың экологиялық жобалары компания кәсіпорындары орналасқан барлық өңірде іске асып келеді. Аталған бастамаға қолдау көрсеткен қызметкерлерге, ҚМГ еріктілеріне алғыс білдіремін. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, ұзақ мерзімді әрі тұрақты мақсаттарға қол жеткізе аламыз», - деді М.Мырзағалиев.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қаланы көгалдандыру мен абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Алдымызда елорданы барынша жасыл қалаға айналдыру міндеті тұр. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардан басқа, ағаш отырғызуға елорда тұрғындары, бизнес өкілдері, мүлік иелерінің бірлестігі (тұрғын үй кешенін басқарушы компаниялар) және ерікті жандар атсалысып жатқаны қуантады. Сондай-ақ, біз құрылыс салушыларға тұрғын үйлерді тапсыру кезінде іргелес аумақтарды көгалдандыру мәселесіне жіті назар аударды тапсырдық. Осылайша, бірінші кезекте құрылыс компаниялары 100 мыңға дейін жасыл желек отырғызатын болады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Астанадағы Сауран көшесінің бойына және Түркістан көшесінде орналасқан Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің аумағына жөке, қайың, сібір және еуропа шыршасы, қарағай ағашының көшеттері отырғызылды. Жылдар өте бұл көшеттер елорданың көркіне айналады.

ҚМГ болашақта бұл игі бастаманы дәстүрге айналдыруға ниетті.

Жалпы, корпоративтік мәдениетті қолдау және волонтерлікті дамыту мақсатында құрылған ҚМГ компаниялар тобының еріктілер қозғалысы түрлі әлеуметтік бастамаларда белсенділік танытып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>