Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group өзара ынтымақтастықты нығайтуда

22.10.2024

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов арабтың AD Ports Group компаниясы теңіз кластерінің бас директоры Аммар Әл Шайбамен кездесті.

Тараптар теңіз тасымалы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және контейнерлік флот құру, сондай-ақ Каспий теңізіндегі офшорлық жобаларға қызмет көрсету үшін кеме салу перспективаларын талқылады.

Қазақстан мұнайын ашық теңіздерде тасымалдау үшін танкерлер флотын кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Еске сала кетсек, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен AD Ports Group арасында танкерлер пулын құру жөнінде келісімге қол қойылған болатын.

Бүгінгі таңда аталмыш пул 4 танкерден тұрады. Бұл кемелер жұмысын бастағаннан бері тасымалдаған мұнай көлемі 8,8 млн тоннаны құрады. Жыл соңына дейін AD Ports Group пулға қосымша тағы екі танкерді қосуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы көлік-логистика саласының ел экономикасындағы ерекше маңызын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселесін атап өткен болатын.

Қазіргі уақытта ТХКБ желісіне «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының 3 контейнерлік кемесі жұмылдырылған.

AD Ports Group-тың 10-нан аса елде контейнерлік жүктерді ұйымдастыру мен тасымалдаудағы мол тәжірибесі ескеріліп, араб компаниясымен контейнерлік кемелер мен паромдар салу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесі пысықталып жатыр.

Мұндай өзара іс-қимыл ТХКБ дамуына және Қазақстанның транзиттеу әрі тасымалдау әлеуетін ашуға ықпал ететін болады.

А.Хасенов AD Ports Group ұжымына өзара табысты ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>