Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма Төрағасы М.Мырзағалиев Abu Dhabi Ports басшысымен келіссөз жүргізді

27.02.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Abu Dhabi Ports Басқарушы директоры мен Басқарма Төрағасы Мұхаммед әл-Шамиси мырзамен бейнеконференция байланысы арқылы келіссөз жүргізді.

Тараптар «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚМГ еншілес ұйымы) мен Abu Dhabi Ports компанияларының Caspian Integrated Maritime Solutions (CIMS) бірлескен кәсіпорын құру мәселесінде өзара қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, кәсіпорын жұмысын іске қосты.

CIMS «Астана» халықаралық қаржы орталығында 2023 жылдың 13 ақпанында тіркелді. Қазіргі уақытта бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдық мәселелерін шешу процесі жүріп жатыр.

Келіссөз барысында 2023 жылғы 16 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасында жасалған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге сәйкес әзірленген CIMS-ты дамыту стратегиясы талқыланды. Бірлескен кәсіпорынның стратегиялық басымдықтары, мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бұл CIMS акционерлеріне Каспий теңізі мен Қара теңіз өңірлеріндегі қызметіне қатысты жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақстандық жүктердің тасымалын қамтамасыз етуге және оффшорлық мұнай-газ жобаларын дамытуға жол ашатын ҚР теңіз сауда флоты мен порттық инфрақұрылымы саласында ынтымақтастық орнату жоспарланып отыр.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>