Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Abu Dhabi Ports Group стратегиялық серіктестікті талқылады

01.10.2025

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Abu Dhabi Ports Group (ADP) теңіз кластерінің бас директоры Аммар әл Шаибамен және араб компаниясының өңірлік атқарушы директоры Абдулазиз Зайд әл Шамсимен кездесу өткізді.  

Тараптар теңіз тасымалы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін және Қазақстанда сауда флотын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Танкерлік және контейнерлік флотты дамытуға ерекше назар аударылды.

 Бірлескен кәсіпорын — CIMS танкерлері 1,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады.

 Сонымен қатар ашық теңіздерге арналған бірлескен танкерлер пулы жасақталды. Қазіргі кезде пул құрамында Афрамакс санатындағы 4 танкер бар. Бірлескен пулды 8 кемеге дейін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.  

ADP компаниясының контейнерлік жүктерді ұйымдастыру мен тасымалдаудағы халықаралық мол тәжірибесін назарға ала отырып, Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту перспективалары ескеріліп, Каспий теңізінде сауда операцияларына арналған 2 контейнерлік кеме салу жөніндегі жоба іске асырыла бастады.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Бұл транскаспий теңіз тасымалын дамытуға және Қазақстанның транзиттік әрі көлік әлеуетін ашуға ықпал ететін болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>