Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алматының авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту: Асхат Хасенов пен Гокер Косе әуежай инфрақұрылымын дамытуды талқылады

17.02.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Президенті Гокер Косемен жұмыс кездесуін өткізді.

Келіссөз барысында тараптар авиаотынмен қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйін және ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Алматы әуежайының жанармай құю инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейту мәселелерін талқылады. Жолаушылар санының және халықаралық әрі транзиттік рейстердің ұлғаюын назарға ала отырып, авиаотынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге ерекше ден қойылды.

Операциялық тиімділікті арттыру, әуе отынын сақтау мен құюдың заманауи стандарттарын енгізу, сондай-ақ әуежайдың өткізу қабілетін одан әрі арттыру үшін жан-жақты жағдай жасау мақсатында нарық қатысушыларының арасындағы жұмысты жүйелі үйлестірудің маңызы атап өтілді.

ҚМГ төрағасы авиаотын инфрақұрылымын дамыту Мемлекет басшысының Қазақстанда бәсекеге қабілетті авиациялық хабтарды құру және еліміздің транзиттік әлеуетін нығайту бойынша қойған тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Бұл тұрғыда халықаралық қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай келетін логистикалық тізбектердің сенімділігін арттыру мен заманауи инфрақұрылымдық базаны қалыптастыру бағыттары басым болып қала береді. Үкіметтің қолдауымен ҚМГ және TAV Airports Holding арасындағы жолға қойылған өзара іс-қимылдың нәтижесінде шетел авиакомпаниялары үшін отын бағасы төмендеп, әуежайдың бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымдылығы артты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар авиаотынмен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге және жанармай құю инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған жұмысты жалғастыруға келісті. Бұл, өз кезегінде, Алматының Орталық Азиядағы ірі авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейте түседі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>