Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Үздік маман – 2023» байқауының жеңімпаздары аталды

18.09.2023

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) компаниялар тобы қызметкерлері арасында өтетін дәстүрлі дода - «Үздік маман-2023» байқауы мәреге жетті. Әр мамандық бойынша байқау жеңімпаздары анықталып, «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды.

17 аталым бойынша бақ сынаған 150-ден астам қатысушыдан жүлделі І-орынға ие болған мамандар:

- «Үздік мұнай және газ өндіру операторы» номинациясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нен Ұзақ Кемалов,

- «Үздік қабат қысымын ұстау операторы» аталымында «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан Азамат Таласбаев,

- «Үздік ұңғымаларды зерттеу операторы» номинациясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нен Данияр Усманов топ жарды.

Сондай-ақ, «Үздік технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесарі» аталымында - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан Абдол Бижанов, токарь мамандығы бойынша бақ сынағандардың ішінен «Өзенмұнайгаздан» Ерхан Сүгіров жеңімпаз атанды. «Oil Services Company» ЖШС мамандары «Үздік ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасы» атанса, «Үздік ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасы» атағы «Өзенмұнайсервис» ЖШС мамандарына бұйырды. «Қазгермұнайдан» Отарбаев Рахымжан - «Үздік электргазбендәнекерлеуші», «Атырау мұнай өңдеу зауытынан» Рүстем Қанатқалиев - «Үздік технологиялық қондырғылар операторы», «Oil Services Company» ЖШС жұмыскерлері Бердовлет Аллабиринов пен Макен Азаров «Үздік цементтеу агрегаты машинисі» атанды. Сонымен бірге, «Қазгермұнайдан» Максим Максимов - «Үздік компрессорлық қондырғылар машинисі», ПНХЗ-дан Александр Иващенко - «Үздік технологиялық сораптар машинисі», «ҚазТрансОйлдан» Ринат Вахитов - «Үздік бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесарі», «Өзенмұнайгаздан» Ермек Сақтағанов «Үздік жүргізуші» атағына ие болды.

Биылғы байқауда ұзын саны 14 жүлдені қанжығасына байлаған «Қаражанбасмұнай» АҚ мамандары ерекше көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Қатысушылар теориялық білімі мен тәжірибелік біліктілігі, тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен қауіпсіздік техникасын сақтау қабілетін көрсетті.

Салтанатты марапаттау рәсімінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай-газ өндіру департаментінің директоры Ержан Абылханов қатысушыларды сайыстың аяқталуымен құттықтап, жүзден жүйрік шыққан үздіктерге көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдірді.

«Үздік маман» байқауының маңызы жылдан-жылға артып келеді. Әріптестеріміз бұл додаға жыл бойы дайындалып, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсті. Бұл байқау жаңа көшбасшыларды анықтап, инновацияларды енгізуге жол ашады. Мұнайшы мамандығының мәртебесін көтереді», - деп атап өтті Е. Абылханов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>