Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз топ-менеджері Дүниежүзілік мұнай кеңесінің басқарушы органының құрамына кірді

25.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Болат Закиров өткен аптада Калгари қаласында (Канада) өткен 24-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі (World Petroleum Congress) барысында мұнай-газ саласы бойынша әлемдегі ең ірі әрі белді бірлестіктердің бірі – Дүниежүзілік мұнай кеңесі конгрестерінің бағдарламалық комитетінің құрамына сайланды. Бұл шешім әлемдік деңгейде көрсетілген құрмет пен Қазақстанның халықаралық энергетикалық нарықтағы маңызды рөлін айқындай түседі.

Биыл конгреске 109 елден барлығы 10 000 делегат қатысты. Оның ішінде 13 мемлекеттің (Қазақстан, Ангола, Мажарстан, Үндістан, Индонезия, Канада, Кения, Куба, Ливия, Нигерия, Румыния, Сауд Арабиясы, Филиппин) салалық министрліктерінің басшылары, сондай-ақ, Aramco (Сауд Арабиясы), ExxonMobil (АҚШ), CNPC (Қытай), KNOC (Корея Республикасы), Repsol (Испания), КРС (Кувейт), Sonangol (Ангола) және әлемдік 250 мұнай-газ компанияларының бірінші басшылары бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>