Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Павлодар мұнай-химия зауытында қысқы дизель отынын өндіру үшін басты технологиялық жабдықтарды жеткізуге келісімшарт жасалды

11.10.2023

Павлодар мұнай-химия зауытында қысқы дизель отынын өндіру жобасы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінің хабарлауынша, ПМХЗ-да дизель отынын өндіру қондырғысының реконструкциялауын көздейтін қысқы дизельді өндіру технологиясының лицензиары және әзірлеушісі ретінде Shell Global Solutions International B.V. таңдалды. Ол мұнай өңдеу зауыттары үшін  өнім өндіру мен өңдеу технологияларын ұсынатын әлемдік көшбасшы компания.

Реконструкциялау жобасының мердігері EPCM Group болды. Бұл компаниямен Павлодар мұнай-химия зауыты EPC келісімшартына қол қойды. Келісімшарт жобалау,  тауар жеткізу, жобаны салу мен  іске қосу-реттеу жұмыстарын, сондай-ақ жаңартылған қондырғыны іске қосуды қамтиды.

Жобаны  жүзеге асыру жұмыстары биыл 10 қазанда жұмыс істеп тұрған дизель отынын гидротазалау қондырғысы үшін жаңа жабдықты жеткізу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін басталады. Аталған жабдық дизель отынының төмен температурадағы қасиеттерін жақсарту үшін оны тазартуға мүмкіндік береді.

Павлодар мұнай-химия зауытының EPC мердігері жабдықты жеткізу туралы келісімді Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd компаниясымен жасасты.

«Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd» -  Қытай Халық Республикасының мұнай-газ, атом және химия өнеркәсібіне арналған жабдықтарды өндіру нарығының көшбасшы компаниясы. Зауытта 500 мың шаршы метрді құрайтын жеке өндірістік цехтері бар, онда 2000-нан аса адам еңбек етеді.

Қытайдың «Suzhou Hailu Heavy Industry Co., Ltd» кәсіпорны Павлодар мұнай-химия зауытына басты технологиялық жабдықтарды жеткізеді. Жабдық қол қойылған күннен бастап 12 ай ішінде жасалуы тиіс. Кәсіпорын жоба бойынша мына жабдықты шығарады: депарафиндеу реакторы, вакуум бағаны,  сепараторлар, жылу алмастырғыштар.

Жоба аяқталғаннан кейін ПМХЗ Цельсий бойынша минус 38 градусқа дейін қатпайтын, жоғары үшінші сұрыпты қысқы дизель отынын жылына кемінде 160 мың тонна көлемінде шығара бастайды. Бұл отын түрі еліміздің солтүстік өңірлерінде жоғары сұранысқа ие.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>