Энергия тиімділігі бағыттары бойынша
28.05.2024
«ҚазМұнайГаз» тобының төмен көміртекті даму саласындағы мамандары кәсіпорынның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибесімен танысу үшін Павлодар мұнай-химия зауытына сапарлады.
ПМХЗ-на келген мамандар тобының құрамына ҚМГ корпоративтік орталығының өкілдерімен бірге «АМӨЗ» ЖШС, «ПКОП» және «CASPI BITUM» БК» сарапшылары да болды. Олар зауыттың технологиялық қондырғыларын аралап, әріптестерімен бірге ПМХЗ-ның энергия тиімділігі бойынша ағымдағы жобаларын талқылады.
Кәсіпорынның соңғы бес жылдағы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайту бойынша қол жеткізге нәтижелері атап өтілді. Зауыт мамандары технологиялық пештердегі жөндеу жүргізу мен жану режимдерін жолға қою арқылы пеш отын тұтынуды азайту мүмкін болатыны туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жетістіктерге басшылықтың да, қарапайым қызметкерлердің де энергия үнемдеу қызметін жолға қоюының арқасында қол жеткізілді.
Энергия тиімділігін арттыру «ҚазМұнайГаздың» өндірістік қуаттылықтарының көміртегі бейтараптығы жолындағы маңызды құралдардың бірі болып табылатындықтан жақын арада осындай кездесулерді Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында да өткізу жоспарлануда.