Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Талас» және «Ембі» Парсы шығанағына шықты

22.09.2023

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-не тиесілі екі сүйреткіш кеме – «Талас» және «Ембі» Парсы шығанағында жұмыс істеуге дайын.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group (БАӘ) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту аясында қос компанияның еншілес мекемелері – Қазақтеңізкөлікфлоты мен OFCO Offshore International қазақстандық сүйреткіш кемелерді жалға беруге үш жылдық келісімшарт жасасты.

Биыл жазда қазақстандық экипажбен бірге бұл екі кеме Каспий теңізінен Ресейдің су жолдары, түрік бұғаздары, Суэц каналы және Аден шығанағы арқылы 52 күндік ұзақ сапар шегіп, 5000 теңіз милін (шамамен 9 500 км) еңсеріп, Парсы шығанағына жетті. Буксирлер Әмірліктегі Абу-Даби өңірінің (Әл-Галлан және Дас аралдары) оффшор жобаларына жұмылдырылады. Сонымен бірге, жақын арада Парсы шығанағына «Ырғыз» атты үшінші сүйреткіш жөнелтілетін болады.

Жалпы, буксирлерді жалға беру «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясына Парсы шығанағының теңізде қызмет көрсету нарығына шығуға, табысын арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>