Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Игі істер күні

29.12.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері қайырымдылық және әлеуметтік жауапты бастамаларға адалдықтарын тағы да бір дәлелдеп, балалар үйінің кішкентай тұрғындарын өз қамқорлықтарына алып, Жаңа жыл алдында жылы лебіздерімен бөлісіп, сыйлықтар тарту етті.
Бұл күнгі мерекелік көңіл-күй балалар үйінің жағдайын жандандырып жіберді. Ал балалардың қуанышты жүздері мен шат күлкілері –  сәтті миссияның шынайы дәлелі болды.  Игі бастамашыл, жүректері мейірімге толы компания қызметкерлері әрбір балаға сүйіспеншілікпен дайындалған сыйлықтарды табыс етіп, осы бір ерекше күннің бір сәтінің жаршысы болды.
Бұл жай ғана сыйлықтар емес «Бұл біздің ¬– балаларға жат көңіл, бақыт, қуаныш сыйлаған, сонымен бірге олардың жалғыз емес екендеріне, әрқашан жүрегі жылы жандардың қолдауына ие бола алатынына деген сенімін арттыратын шын жүректен тілегіміз болды» деп атап өтті әріптестеріміздің бірі.
Біз – Компанияның еріктілері, осы қайырымдылық акциясына қатысқан барлық қызметкерлерге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің игі істеріңіз балалардың жүрегіне қуаныш сыйлады. Сонымен бірге біздің кішкентай отандастарымыз үшін жарқын болашақтың негізін қалыптастыруға үлес қосты.
Бұл акция тек балалардың өміріндегі маңызды оқиға болып қана қоймай, олардың барлығына мейірімділік пен қамқорлықты мұқтаж жандармен бірге бөлісу міндетіміз екендігін еске салсын.
Осы игі іске қатысқан баршаңызға, жасаған жақсылықтарыңыз үшін үлкен рахмет айтамыз!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>