«ҚазМұнайГаз» және Қытайдың HY компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
02.07.2024
2 шілдеде Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Шыңжаңның кәсіпорындарды басқару жөніндегі HY компаниясының төрағасы Ли Чуньфэнмен кездесу өткізді.
Тараптар энергетика саласында өзара тиімді серіктестікке негіз болатын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Компаниялар мұнай және газ кен орындарын бірлесіп барлау және игеру мүмкіндіктерін, соның ішінде терең қабатта орналасқан перспективалы учаскелерде кешенді геологиялық зерттеулер жүргізуді зерделеуге ниетті.
Анықтама:
HY – Қытайдағы мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысатын ірі жекеменшік кәсіпорын.