Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бен Eni Қазақстандағы ортақ жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

26.03.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 26 наурызда Eni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар Жаңаөзен қаласында (жел 77 МВт, күн 50 МВт және газ 120 МВт) гибридті электр станциясын салу жобасының барысын талқылады. Қазіргі уақытта ҚМГ мен Eni жобаны іске асыруды бастау үшін қажетті жұмысты аяқтап жатыр.

«Энергетиканың жаңа түрлеріне көшу саласындағы стратегиялық жоба аясында Eni компаниясына бірлескен жұмыс пен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдіремін. Бұл салада одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім артамыз», - деді ҚМГ басшысы.

Сонымен қатар, ҚМГ және Eni басшылары Каспий теңізіндегі Абай учаскесінде алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға дайындық, сондай-ақ тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға басымдық бере отырып, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын дамытудың келесі кезеңдерін іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кездесу қатысушылары сондай-ақ Қарашығанақ мұнайын «Транснефть» жүйесі арқылы неміс мұнай өңдеу зауыттарына экспорттау нәтижесін ерекше атап өтті. Қарашығанақ кен орнынан мұнайды аталған бағыт бойынша тасымалдау 2024 жылы да жалғасады деп күтілуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>