Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бен CITIC Group Ақтау битум зауытының қуатын арттыру жобасын талқылады

22.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев ҚХР-ға (Бейжің қ.) жұмыс сапары барысында CITIC Resources вице-президенті Чжао Хунбинмен кездесті.

Тараптар «CASPI Bitum» БК ЖШС бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметін талқылады. Ақтау битум зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын іске асыру барысы да қаралды. Кездесуде атап өтілгендей, ҚМГ бұл мәселеге айрықша көңіл бөледі, өйткені бұл бағыттағы жұмыс Қазақстанның автожол саласын дамыту үшін де үлкен маңызға ие.

Сондай-ақ, Дмитрий Макеев пен Чжао Хунбин жобаны іске асыру бойынша шарттар мен міндеттемелер көрсетілген компаниялар арасындағы өзара түсіністік туралы келісімді талқылады.

Жыл соңына дейін жобалау құжаттамасын әзірлеп, ұзақ мерзімде дайындалатын негізгі жабдықты жеткізуге тапсырыс беру жоспарланып отыр.

Анықтама:

«CASPI BITUM» БК» ЖШС үлескерлері: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50,0%, «CITIC Kazakhstan» ЖШС компаниясы – 50,0%.

Шикізат көзі: Қаражанбас кен орнының (битуминозды) мұнайы (өндіру көлемі жылына 2 млн тоннадан астам).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>