Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және CNOOC өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

16.10.2023

16 қазанда Бейжің қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және China National Offshore Oil Corporation (СNOOC) Өзара түсіністік туралы меморандум қабылдады.

Өзара түсіністік туралы меморандумға ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен CNOOC Басқарма Төрағасы Ван Дунцзинь қол қойды.

Құжат перспективті барлау жобаларына қатысты бірлескен геологиялық зерттеу жүргізуді, кен орындар және мұнай сервис қызметтері бойынша өзара байланысты кеңейтуді көздейді.

Биыл ҚМГ CNOOC компаниясын теңіз бен құрлықтағы бірқатар перспективті жобаларымен таныстырды. Солардың ішінде геологиялық барлау жобалары және Каспий маңы шөгінді алабындағы өңірлік жоба бар.

«Меморандумға қол қою арқылы біз іскерлік қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатуға негіз қаладық. Біз CNOOC компаниясымен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мүдделіміз. Бүгін қол қойылған құжат өзара байланысымызды одан әрі дамытуға және жаңа көмірсутек кеніштерін бірлесіп табуға жол ашатынына сенімдімін», - деп атап өтті М. Мырзағалиев.

«Меморандумға қол қойылғаннан кейін ынтымақтастығымыз нәтижелі болатынына кәміл сенемін. Қос компания арасындағы серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жемісті ынтымақтастық орнатып, геологиялық барлау саласындағы мол тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді Ван Дунцзинь.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>