Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмысқа орналасу үшін үміткерлерге іріктеу жарияланады

28.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Company арасындағы келісім аясында Abu Dhabi Ports компаниялар тобы қазақстандық мамандарды жұмысқа қабылдау үшін іріктей бастайды.

Abu Dhabi Ports Company – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіп және логистика саласындағы ірі операторы. Компания порттар мен терминалдарға (контейнерлер, жалпы жүктер, Ро-Ро, круиз) иелік етіп, олардың жұмысын басқарады.

Үміткерлер 2023 жылғы 29 қыркүйектен бастап 35 мамандық бойынша конкурс арқылы қабылданады: боцман, механик, электрик, дәнекерлеуші, сылақшы, теңізші, құммен тазалаушы, дайвинг жөніндегі супервайзер, инженер және т.б.. Іріктеу Маңғыстау облысының тұрғындары арасында мамандық иелерінің кәсіби ерекшелігіне қарай өткізіледі.

Үміткерлердің білімі, мамандығы, кәсіби дағдылары және жұмыс тәжірибесі компанияның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Конкурсқа қатысушылар ағылшын тілін білуі керек.

Байқауды Samruk Business Academy ұйымдастырады. Үміткерлер 29 қыркүйектен бастап QSamruk.kz платформасына тіркеліп, өтінім бере алады.

Іріктеуге Abu Dhabi Ports Company өкілдері қатысады. Сынақтан сәтті өткендер ағылшын тілінің жедел курстарын оқып, ресми түрде жұмысқа орналасады.

Үміткерлерді іріктеу және байқауға қатысу бойынша толық ақпаратты сілтеме арқылы немесе +7 (708) 035 6575 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып алуға болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>