Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент МӨЗ 2017 жылы Еуро 4 және 5 стандарттары бойынша бензин шығаруға өтеді

09.11.2015

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзінің 30 жылдығында өндірістік өнімділік қуатына толық масштабта жаңғырту жүргізіп отыр, нәтижесінде мұнайды өңдеу тереңдігі 80%-ға көбейетін, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға жететін, бензин өндіру көлемі 3 есеге артатын болады, сонымен барлық бензин Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық сапа стандарттарына сәйкес келетін болады.

13 жыл жүргізілген құрылыс жұмыстары және оңтүстік Қазақстандағы өңдеу қуаттары мен Батыс Сібірдегі мұнай өндіру нысандарын көліктік-технологиялық байланыстыру нәтижесінде ШМӨЗда алғашқы бензин 1985 жылдың басында алынды.

Бүгінгі таңда зауытқа шикізат Қызылорда облысының Құмкөл кенорнынан жеткізіледі, ал ресми түрде «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС, немесе ПКОП деп аталатын ШМӨЗ шығарылатын өнімдер желісіне бензиннің барлық маркалары, дизель отыны және авиакеросин жатады.

Кәсіпорынның негізгі табысы екі күшті акционерлердің халықаралық серіктестігі болып табылады, бұлар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚМГ-өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес компаниясы тұлғасында және «CNPC» корпорациясы (ҚХР).

Өндірістің ең жоғары қуатпен жұмыс істегеніне қарамастан 2010 жылы оның өніміне деген сұраныс арта түсті, нәтижесінде зауытты кезең-кезеңмен жаңғырту жоспарланды, соның ішінде МИИДБ (мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы) шеңберінде.

ПКОП жаңғырту жобасы 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде Кеден Одағының Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 (Еуро-4 және Еуро-5 ұқсастықтары) экологиялық кластағы мотор отынын шығаруды жоспарлауда. Осы мақсатта кәсіпорында қолданыстағы қондырғылар қайта құрастырылуда және жаңа технологиялық қондырғылар салынуда: изомерлеу қондырғысы, өнімділік қуаты жылына 4000 тонна күкірт өндіру қондырғысы, дизель отынын гидротазалау қондырғысын қайта құрастыру. Оларды пайдалануға енгізгеннен кейін зауыттың барлық өнімдері Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкестік таңбаларын алады.

Жаңғыртудың екінші кезеңі зауыттың өнім шығару көлемін жылына 6 млн тоннаға дейін жеткізу және мұнай өңдеу тереңдігін 80%-ға дейін көбейту үшін жасалынып отыр. Бұл кезеңде кәсіпорынның арсеналы «RFCC» каталитикалық крекинг, «Prime G+» бензинді гидротазалау, күкірт өндіру, сутекті тазалау және басқа қондырғылармен толықтырылады. Екінші кезең аяқталысымен зауытта жоғары октанды бензинді өндіру жылына 735 мың тоннадан 2 186 мың тоннаға, дизель отыны – жылына 1346 мың тоннадан 1946 мың тоннаға, авиаотын – жылына 280 мың тоннадан 425 мың тоннаға өседі. Жоғары октанды автобензиннің үлесі шығарылатын өнім пулында 100% құрайды.

Жобаларды аяқтау 2017 жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры Данияр Тиесов зауыттың 30-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста кәсіпорын ұжымына - тұрғындардың әл-аухатының, қазақстандықтардың жалпы өмір сүру деңгейінің өсуін есепке ала отырып, өндірісті жаңғырту, Еуро 4 және 5 стандарттары бойынша жоғары октанды бензин шығару бойынша міндеттер сіздердің күн тәртіптеріңізде уақтылы орын алып отыр, сондықтан сіздердің осыларды жүзеге асыратындықтарызға сенімдімін – деп айтты. Ол ардагерлерге, еңбек озаттарына, барлық қызметкерлерге, қытай және қазақстан жағынан басшыларға Қазақстанның экономикасы мен халқының игілігіне адал еңбек еткендері үшін алғысын білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>