Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз «Таза Қазақстан» акциясы аясында 97 000-нан астам ағаш отырғызды

05.12.2024

Биыл ҚазМұнайГаз еншілес кәсіпорындарымен бірге жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш отырғызды. Бұл бастама елімізді көгалдандыруға қосқан зор үлес болып табылады.

Ағаш отырғызу ҚазМұнайГаздың кәсіпорындары орналасқан барлық өңірлерді ─ Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда және Астананы қамтыды. Қалалар мен ауылдарда жаңа жасыл-желекті аймақтар құруға, компанияның өндірістік нысандарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылды, жергілікті климатқа төзімді терек, қайың, қарағай және сәмбітал ағаштары отырғызылды.

2020-2023 жылдар аралығында ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары 100 мыңға жуық ағаш екті. Сонымен бірге өңірдің экожүйесін қалпына келтіру мақсатында 2024 жылғы сәуір айының басында ҚазМұнайГаздың ұйымдастыруымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 15 мың гектар алқапқа 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

Қазақстанның орнықты дамуы мен әл-ауқатының артуына өз үлесін қоса отырып, ҚазМұнайГаз көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>