Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2015 жылдың алғашқы тоғыз айындағы ҚМГ БӨ операциялық нәтижелері

27.10.2015

Астана, 23 қазан 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылдың алғашқы тоғыз айының операциялық нәтижелерін жариялайды. 2015 жылдың алғашқы тоғыз айында «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, ҚМГ БӨ 9 245 мың тонна (тәулігіне 251 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% артық.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 115 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123 мың тоннаға (тәулігіне 3 мың баррель) немесе 3% артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 104 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 мың тоннаға (тәулігіне 0,2 мың баррель) кем. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіріс көлемі 6 219 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2% артық.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2015 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 026 мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3% кем, және негізінен ПҚИ компаниясындағы мұнай өндіру көлемінің жоспарлы түрде азаюына байланысты.

2015 жылдың алғашқы тоғыз айында ӨМГ және ЕМГ сатқан мұнай мен мұнай өнімдерінің көлемі 6 117 мың тоннаны (тәулігіне 162 мың баррель) құрады, оның ішінде 3 303 мың тонна (тәулігіне 87 мың баррель) мұнай экспортқа, 1 898 мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдері ішкі нарыққа және 916 мың тонна (тәулігіне 24 мың баррель) мұнай Ресейге жөнелтілді.

Ішкі нарыққа жөнелтілген 1 898 мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 715 мың тоннасы (тәулігіне 45 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына ӨМГ мен ЕМГ қорынан жеткізілді, 140 мың тоннасы (тәулігіне 4 мың баррель) ЕМГ қорынан Павлодар мұнай-химия зауытына жөнелтілді. Сонымен қатар, 43 мың тонна (тәулігіне 1,2 мың баррель) мұнай өнімдері ішкі нарыққа сатылды.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2 974 мың тонна мұнайды (тәулігіне 81 мың баррель) құрады, оның 1 285 мың тоннасы (тәулігіне 34 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 43%-ын құрайды. Ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 620 мың тоннаны (тәулігіне 45 мың баррель) құрады, оның 1 097 мың тоннасы (тәулігіне 31 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына, 363 мың тоннасы (тәулігіне 10 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына, 44 мың тоннасы (тәулігіне 1 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына, және 116 мың тоннасы (тәулігіне 3 мың баррель) Ақтау битум зауытына жөнелтіледі. Ресейге өзара жеткізілім шарттары бойынша 70 мың тонна (тәулігіне 2 мың баррель) жөнелтілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>