Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанның бұрғылау нарығының трансформациясы келешектің игілігі үшін

18.09.2015

Дөңгелек үстел «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және TMG Events компаниясы арасында серіктестік шеңберінде ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам жергілікті және халықаралық компания қатысқанын, ал таңертенгі тіркеу кезінде 160-ден астам делегат тіркелгенін ескере отырып, 1-ші KDR Қазақстанда өткізілген бұрғылау жөніндегі мамандардың ең ірі жиналысы болды.

Форумды "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Хопкинсон ашты, ол мұнайға бағаны төмендету шарттарында Қазақстанның бұрғылау саласында ақпараттық ашықтық пен тиімділікті арттырудың қажеттілігін атап өтті.

Хопкинсон мырза «Біз - басымыздан ауыр кезеңді кешіріп жатқандар ішінен жалғыз емеспіз. Біз шығаруды арттыруымыз керек және сонымен бірге ұңғымаларды жылдамырақ және арзанырақ бұрғылауымыз керек. Бұлай дейтін себебім, бүгінгі осында жиналып отырғандардың барлығы - менің тиімсіз ұңғымаларды бұрғылаудан бас тартатыным жайлы түсінуі керек», деп атап өтті.

Ол берілген мәселе бойынша өзінің пайымын нақты баяндады және бұрғылау және сервистік қызметтерді көрсететін компанияларды, ағымдағы нарықтың қиын шарттарында ғана емес, келешек дамуын ескере отырып шаралар қабылдауға үндеді. Ол сондай-ақ мұнай кәсіптік қызметтерінің басқа да жеткізушілері мен серіктестерінің идеяларымен бөліскісі келетінін айтты және қоршаған ортаны қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау саласында озық тәжірибені пайдалану және есептіліктегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігін нұсқады.

Қатысушылар мен ұйымдастырушылар KDR сияқты ашық пікірталас форумдарын өткізудің қажеттілігін және олардың нарықтағы жағдайлардың нашарлауының құтылмайтын кезеңдерінің маңызды рөлін атап өтті. Олар білім және тәжірибемен алмасу, сондай-ақ анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды салыстыру және анықтау арқылы тиімділікті арттырудың қажеттілігіне ерекше назар аударды.

KDR отырысы екі жеке секцияларда өткізілді, мұнда қатысушылар бұрғылау тиімділігі мен көлемін арттырумен байланысты анағұрлым өзекті мәселелерді, сондай-ақ нарықта ұсынылатын мұнай кәсіптік қызметтер мен жаңа бұрғылау технологиялары мен серіктестік туралы түрлі келісімдерді талқылады.

Форумның шеңберінде салтанатты қабылдау өткізілді, мұнда делегаттар күн оқиғасын талқылау, ұжымдастармен бейресми түрде араласуға қатысу, жаңа іскерлік байланыстарды орнату және KDR 2016 - "дөңгелек үстелдің" келесі отырысын өткізу жөніндегі жоспарды талқылау мүмкіндігіне ие болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>