Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KMG Nabors Drilling Company - ҚР-да бұрғылау жұмыстары нарығындағы жаңа ірі ойыншы

07.10.2015

Жақында Сервистік Тапсырысты қайта табыстау Шартына қол қою Қазақстанның барлық мұнай-газ секторы үшін айтулы болды, оған сәйкес «Теңгізшевройл» (ТШО) ЖШС үшін Теңгіз кен орнында жүзеге асырылатын барлық бұрғылау жұмыстары «KMG Nabors Drilling Company (KNDC)» ЖШС бірлескен кәсіпорнына тапсырылады.

KNDC компаниясы Қазақстанның бұрғылау нарығының жаңа қатысушысы ретінде, бұрғылау жұмыстарының әлемдік нарығында көшбасшы ұстанымға ие, «KMG Drilling & Services» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) және «Nabors Drilling» компаниясы арасындағы әріптестік сенім нәтижесінде ағымдағы жылдың сәуірінде құрылды.

Бұдан бұрын жобалардың жоғары мәртебесін ескере отырып, ірі қазақстандық кен орындарын әзірлеу кезінде бұрғылау жұмыстарына тек қана топ-деңгейдегі шетел бұрғылау компаниялары тартылды.

Осылайша, қазақстандық тараптың Теңгіздегі бұрғылауға қатысуы отандық компания кез-келген ауқымдағы жобада өзара тиімді ынтымақтастық үшін қажетті мүмкіндіктерге және әлеуетке ие екендігін мойындау болып табылады.

KNDC келешегінің өндірістік және экономикалық жасаушысына бес жыл ағымында 150-ден астам ұңғыманы бұрғылау кіреді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұрғылау көлемін арттыруды қамтитын Теңгіз жобасын болашақта кеңейту нұсқасы әзірленуде.

Алдағы жұмыстар көлемін ескере отырып, KNDC бұрғылау бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті әрекеттер жасалды. Сөйтіп, «Nabors Drilling» компаниясы KNDC-ге 3 бұрғылау қондырғысын берді. Өз кезегінде «KMG Drilling&Services» ЖШС KNDC үшін «бұталы» бұрғылауды жүзеге асырушы Қазақстанда ұқсасы жоқ жаңа ұрпақтың бұрғылау қондырғысын алуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>