Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау МӨЗ-де бірінші параксилол алынды

06.10.2015

Зауыттың 70-жылдығын тойлау шеңберінде өткен салтанатты рәсімге ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ өкілдері және басқалары қатысты.

Параксилол мұнай-химия өндірісіндегі негізгі және өте қажетті құрамдастардың бірі болып табылады, Атырау мұнай өңдеу зауыты Орталық Азиядағы ірі параксилол өндірушілеріне айналды. ХӨК-те іске қосу-реттеу жұмыстарына бастаманы 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев берді.

- Осы жылы АМӨЗ-ге өткен жылмен салыстырғанда 200 мың тоннаға жоғары АИ-92 бензинін өндіру міндеті қойылды, ал бұл импорттық жеткізілімдерден тәуелділіктің 20 %-ға төмендеуі, - деп атап өтті, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры Данияр Тиесов.

Сондай-ақ ол хош иісті көмірсутектер өндірісі бойынша Кешен Елбасының отандық мұнай –химия өндірісін құру бойынша тапсырмасына сәйкес қатарға енгізілгендігін, сондай-ақ индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда екендігін еске салды.

Энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев, рәсімде сөз сөйлей отырып, жаңа кешенді іске қосу жаңа шикізаттық емес индустрияның дамуы үшін фундамент салатынын ерекше атап өтті:

- Бұл отын сапасының артуына ғана емес, ұлғайтылып қосылған құнмен өнім өндірісіне бастама береді, деп атап өтті.

Осы күні Атырауда АМӨЗ 70-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Зауыт тарихы 1945 жылдан бері есеп жүргізіп келеді, өндіріс көлемі мен өндірілетін өнім түрлерін үздіксіз өсіруде. ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АМӨЗ ұжымына өз құттықтау сөздерін жіберді. Онда ветерандарға және қазіргі ұрпақ еңбеккерлеріне елдің энергетикалық және экономикалық тәуелсіздігін нығайту үшін аянбай жұмыс жасағандары үшін алғыс білдіріледі .

Салтанат барысында зауыт ветерандары, жұмыскерлері, мердігерлік ұйымдардың өкілдері қазақстандық мұнай-химияның дамуына үлес қосқаны үшін марапат алды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>