Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ жаңа бас директор сайланғанын хабарлайды

28.09.2015

Астана, 28 қыркүйек 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») директорлар кеңесінің шешімімен Құрманғазы Есқазиев ҚМГ БӨ-нің бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланғанын хабарлайды. Есқазиев мырза бұған дейін ҚМГ БӨ-нің негізгі өндірістік активтерінің бірі «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры қызметін атқарған.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон жаңа бас директорды таныстырды: «Есқазиев мырзаның жаңа технологияларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерінде мол тәжірибесі бар. «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры болған соңғы сегіз айдың ішінде ол компанияда жаңа жобаларды сәтті іске асырды. Біз Есқазиев мырза өзінің кәсіби біліктілігі мен оң тәжірибесін ҚМГ БӨ компаниялар тобының игілігіне жемісті пайдаланады деп күтеміз».

Сол күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы С. Мыңбаев Компания ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. Компанияның жаңа басшысы ҚМГ БӨ-нің өндірістік және қаржылық тиімділігін мейлінше арттыруды мақсат еткен даму бағытын ұстанатынын мәлімдеді.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2014 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>