2024 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер
01.11.2024
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2024 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2023 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2024 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 3,1%-ға өсіп, 18 047 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 6,4%-ға ұлғайып, 63 197 мың тоннаға жетті;
- Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14 901 мың тоннамен салыстырғанда 14 122 мың тоннаны құрады.
|
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
Мұнай өндіру, мың тонна |
18 047 |
17 508 |
+3,1% |
Газ өндіру, млн м3 |
7 202 |
7 008 |
+2,8% |
Мұнай тасымалдау, мың тонна |
63 197 |
59 371 |
+6,4% |
Мұнай өңдеу, мың тонна |
14 122 |
14 901 |
-5,2% |
Өндірістік көрсеткіштер егер басқаша көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне және 100% шоғырландырылатын еншілес ұйымдардың көрсеткіштеріне сәйкес берілген. Есеп көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеу арқылы көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай нақты қолданылды. Компания пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез келген ықтимал түзетулер операциялық нәтижелерге материалдық тұрғыдан әсер етпеуі керек.
Көмірсутек шикізатын өндіру
ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2024 жылдың тоғыз айында 3,1%-ға ұлғайып, 18 047 мың тоннаны (тәулігіне 497 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 2,8%-ға 7 202 млн м³ дейін ұлғайды.
Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна |
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
«Өзенмұнайгаз» АҚ |
3 809 |
3 625 |
+5,1% |
«Ембімұнайгаз» АҚ |
2 077 |
2 011 |
+3,3% |
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ |
2 302 |
2 295 |
+0,3% |
Өзге операциялық активтер |
2 460 |
2 132 |
+15,4% |
Операциялық активтердің жиыны |
10 647 |
10 063 |
+5,8% |
«Теңізшевройл» (Теңіз) ЖШС |
4 296 |
4 339 |
-1,0% |
Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (Қашаған) |
2 306 |
2 301 |
+0,2% |
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (Қарашығанақ) |
798 |
805 |
-0,8% |
Мегажобалар жиыны |
7 400 |
7 445 |
-0,6% |
Барлығы |
18 047 |
17 508 |
+3,1% |
Операциялық активтердегі өндіру
«Өзенмұнайгаз» АҚ кен орындарында мұнай өндіру 5,1%-ға өсіп, 3 809 мың тоннаны құрады. Газ өндіру көлемі 2,0%-ға өсіп, 455 млн м³ құрады. «Ембімұнайгазда» АҚ мұнай өндіру 3,3%-ға өсіп, 2 077 мың тоннаға жетсе, газ өндіру көлемі 4,8%-ға азайып, 149 млн м³ құрады. «Маңғыстаумұнайгазда» АҚ мұнай өндіру 0,3%-ға өсіп, 2 302 мың тоннаны құрады, газ өндіру көрсеткіші 3,9%-ға өсіп, 323 млн м³ құрады. Жоғарыда аталған операциялық активтерде өндіру көрсеткіштері былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде Маңғыстау атом энергия комбинаты тарапынан электр энергиясын апатты ажырату жағдайларының азаюына байланысты өсім көрсетті, сондай-ақ өндіру көлемін ұлғайту үшін операциялық активтердің қолданатын қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралармен байланысты.
Басқа операциялық активтерде өндіру көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 2 460 мың тоннаны құрады, газ өндіру 22,3%-ға, яғни 740 млн м³ дейін өсті. Өсімге негізінен Доңға кен орнын сатып алуы және өткен жылдың соңында Рожков кен орнын («Орал Ойл энд Газ» ЖШС) игеруге берілуі, сондай-ақ Өріктау кен орнында жаңа ұңғымалардың пайдалануға берілуі оң әсер етті. Бұл ретте Құмкөл тобының ескі кен орындарында қордың табиғи сарқылуына байланысты мұнай өндіру деңгейі төмендеп келеді.
Мегажобалардағы өндіру
Теңіз кен орнында мұнай өндіру 1,0%-ға азайып, 4 296 мың тоннаны (тәулігіне 125 мың баррель) құрады, ілеспе газ өндіру көлемі 2,4%-ға төмендеп, 2 341 млн м³ құрады. Көрсеткіштер биыл тамыз айында «Кешенді технологиялық желілер» зауытында бес технологиялық желінің екеуінде жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты төмендеді.
2024 жылдың сәуір айында Сағалық қысымды басқару жобасының нысандарын пайдалануға беру жөніндегі жұмыстар басталды. Жаңартылған кестеге сәйкес Болашақ кеңейту жобасы 2025 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Қашағанда мұнай өндіру ҚМГ үлесіне 0,2%-ға ұлғайып, 2 306 мың тоннаны құрады (тәулігіне 67 мың баррель). Газ өндіру 2,6%-ға артып, 1 490 млн м³ құрады. Тұрақты көрсеткіштерге кен орнының өндірістік объектілеріндегі технологиялық жабдықтың сенімді жұмысы оң әсер етті.
Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 0,8%-ға азайып, 798 мың тоннаны құрады (тәулігіне 23 мың баррель). Сұйық көмірсутек өндірісі төмендеуінің себептері — газды кері айдау компрессорларының жоспардан тыс тоқтауы және Орынбор газ өңдеу зауыты тарапынан газды қабылдау көлемінің азаюы. Бұл ретте кен орны сарқылып, өндірілетін газ-сұйықтық қоспасында газ көлемінің ұлғаюына байланысты газ өндіру 4,0%-ға өсіп, 1 705 млн м³ құрады.
Қарашығанақта мұнай өндірудің ең жоғарғы деңгейін сақтау жөніндегі бастамалар аясында биыл 6 қыркүйекте ҚДЖ-1А жобасы (5-компрессор жобасы) пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта өндірістік сынақтар жалғасып, компрессордың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. ҚДЖ-1А жобасын іске қосудың нәтижесінде Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім мерзімінің соңына дейін қосымша 7,1 млн тонна өндіріледі деп күтілуде.
Мұнай тасымалдау
Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 6,4%-ға 63 197 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Мұнай тасымалдау1 мың тонна |
2024 ж 9А (100%) |
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
«ҚазТрансОйл» АҚ |
33 653 |
33 653 |
32 416 |
+3,8% |
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС |
13 833 |
6 916 |
6 957 |
-0,6% |
«МұнайТас» СБҚК»2 ЖШС |
4 235 |
2 160 |
2 033 |
+6,2% |
Каспий Құбыр Консорциумы |
48 479 |
10 059 |
9 964 |
+1,0% |
Құбыр арқылы тасымалдау көлемінің жиыны |
- |
52 788 |
51 371 |
+2,8% |
Каспий теңізі |
1 633 |
1 633 |
422 |
+287,0% |
Қара теңіз |
2 483 |
2 483 |
2 742 |
-9,4% |
Жерорта теңізі |
6 293 |
6 293 |
4 836 |
+30,1% |
Теңізбен тасымалдау көлемінің жиыны |
- |
10 409 |
8 000 |
+30,1% |
Барлығы |
- |
63 197 |
59 371 |
+6,4% |
1 Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және, тиісінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады. 2 «МұнайТас» СБҚК» ЖШС – үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген. |
Мұнайды магистралды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 2,8%-ға ұлғайып, 52 788 мың тоннаны құрады. Өсім Атырау - Самара мұнай құбыры бағытына қарай және «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі арқылы Каспий Құбыр Консорциумы бағытына Қашаған және Қарашығанақ кен орны мұнайын ауыстырып тиеу, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарына ішкі тасымалдау көлемінің өсуі есебінен болды.
Мұнайды теңізбен тасымалдау көлемі 30,1%-ға өсіп, 10 409 мың тоннаға жетті. Өсім мұнайды Джейхан портынан жөнелтілетін көлемнің өсуіне байланысты Жерорта теңізі акваториясы бойынша тасымалының ұлғаюына, сондай-ақ Каспий теңізі акваториясына Ақтау – Махачкала және Ақтау – Баку бағыттарына қарай көлемдердің ұлғаюына байланысты.
Жүк айналымы
Жүк айналымы, млн тонна*км |
2024 ж 9А (100%) |
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
«ҚазТрансОйл» АҚ |
26 197 |
26 197 |
25 152 |
+4,2% |
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС |
12 438 |
6 219 |
6 266 |
-0,7% |
«МұнайТас» СБҚК»2 ЖШС |
1 734 |
884 |
819 |
+8,0% |
Каспий Құбыр Консорциумы |
63 226 |
13 119 |
13 112 |
+0,1% |
Жиыны |
- |
46 419 |
45 349 |
+2,4% |
Мұнайдың жүк айналымы 2,6%-ға өсіп, 46 419 мың тоннаға жетті. Өсім мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнайды ішкі тасымалдау көлемінің, сондай-ақ Ресей мұнайын Өзбекстанға транзитінің өсуіне байланысты.
Көмірсутек шикізатын өткізу
ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 3,6%-ға өсіп, 18 337 мың тоннаны құрады, оның 64,9%-ы экспортқа жөнелтілді.
Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 6 435 мың тонна құрады, соның ішінде мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін «Атырау мұнай өңдеу зауытына» (АМӨЗ) ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауытына» (ПМХЗ) ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактсқа» (ПҚОП) ЖШС 3 930 мың тонна көлемінде операциялық активтердің (АҚ «Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз» АҚ және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС) шикі мұнайы жеткізілген.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна1 |
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
АМӨЗ |
4 422 |
4 367 |
+1,3% |
ПМХЗ |
3 973 |
3 973 |
0,0% |
ПҚОП |
2 067 |
2 082 |
-0,7% |
Caspi Bitum |
297 |
352 |
-15,6% |
Қазақстандағы МӨЗ жиыны |
10 758 |
10 774 |
-0,1% |
Петромидия |
3 162 |
3 840 |
-17,7% |
Вега |
203 |
287 |
-29,4% |
KMG International МӨЗ жиыны |
3 364 |
4 127 |
-18,5% |
Барлығы |
14 122 |
14 901 |
-5,2% |
1 ПҚОП және Caspi Bitum өңдеу көлемі 50% үлесіне, қалған зауыттарда 100% үлесіне көрсетілген.
|
КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеп, 14 122 мың тоннаны құрады:
- Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 10 758 мың тоннаны құрады, бұл көрсеткіш былтырғы осындай кезеңмен сәйкес келеді.
- Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 18,5%-ға азайып, 3 364 мың тоннаны құрады. Қайта өңдеу көлемінің қысқаруы өткен жылдың 21 күні маусым айында Петромидия зауытында болған өрттің және соған байланысты жұмсақ гидрокрекинг қондырғысының кеш қайта іске қосылуының, сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз айында жоспарлы күрделі жөндеуге Петромидия зауытының тоқтауының салдарынан болды. Қазіргі уақытта KMG International зауыттары толық қуатында штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Мұнай өнімдері өндірісі
Мұнай өнімдері өндірісі, мың тонна |
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
||
Қазақстандағы МӨЗ |
Бензин |
3 157 |
3 162 |
-0,2% |
|
Дизель отыны |
3 369 |
3 328 |
+1,2% |
||
Өзгелер |
3 218 |
3 280 |
-1,9% |
||
Жиыны |
9 744 |
9 771 |
-0,3% |
||
KMG International МӨЗ |
Бензин |
827 |
1 024 |
-19,2% |
|
Дизель отыны |
1 439 |
1 657 |
-13,2% |
||
Өзгелер |
1 037 |
1 320 |
-21,4% |
||
Жиыны |
3 303 |
4 001 |
-17,4% |
||
Барлығы |
Бензин |
3 984 |
4 187 |
-4,8% |
|
Дизель отыны |
4 808 |
4 985 |
-3,6% |
||
Өзгелер |
4 255 |
4 600 |
-7,5% |
||
Жиыны |
13 047 |
13 772 |
-5,3% |
||
|
|
||||
Қазақстанның және румын зауыттарда мұнай өнімдерінің өндірісі көлемі 5,3%-ға төмендеп, 13 047 мың тоннаны құрады:
- Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 9 744 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш былтырғы осындай кезеңмен сәйкес келеді.
- KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары бір жыл бұрынғы 4 001 мың тоннамен салыстырғанда 17,4%-ға аз 3 033 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды. Бұған зауыттарда өңдеу көлемінің сәйкесінше төмендеуі себеп болды.
Қазақстанда өндірілген ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін сатуы, мың тонна
|
2024 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
2023 ж 9А (ҚМГ үлесіне) |
% |
||||||
|
ішкі нарық |
эксп. |
барлығы |
ішкі нарық |
эксп. |
барлығы |
ішкі нарық |
эксп. |
барлығы |
Бензин |
1 178 |
- |
1 178 |
1 131 |
- |
1 131 |
+4,1% |
- |
+4,1% |
Дизель отыны |
1 297 |
- |
1 297 |
1 169 |
- |
1 169 |
+10,9% |
- |
+10,9% |
Өзгелер |
994 |
505 |
1 499 |
861 |
558 |
1 419 |
+15,4% |
-9,5% |
+5,6% |
Барлығы |
3 469 |
505 |
3 973 |
3 161 |
558 |
3 719 |
+9,7% |
-9,5% |
+6,8% |
ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 6,8%-ға өсіп, 3 973 мың тоннаға жетті. Ішкі нарыққа көтерме саудада өткізу көлемінің артуы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бен «Ембімұнайгаз» АҚ өз мұнайын жөнелту көлемінің ұлғаюы себебінен болды.
Толық ақпаратты http://www.kmg.kz/ сілтемесі арқылы оқуға болады.
Байланыс үшін:
тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
ҚМГ-ның негізгі активтері:
Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Дунга – 60%, Орал Ойл энд Газ (ООГ) – 50%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (КГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ – 10%, Қашаған - 16,88%.
Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚТ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%.
Өңдеу және басқалары: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Caspi Bitum – 50%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. – 49,5%.