Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мұнай өңдеу зауыттары битум сатпайды және экспортқа шығармайды

19.08.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу зауыттары тек мұнай өңдеумен және мұнай өнімдерін өндірумен айналысады, сонымен қатар битумды жол-құрылыс ұйымдарына коммерциялық жолмен сатпайды.

 Бүгінде Қазақстан Республикасында битум өндіру мен сату схемасы мынадай:

  1. ҚР Энергетика министрлігі ресурс ұстаушыларға арнап Жол битумын жеткізу жоспарын ай сайын бекітеді. Жоспарда жол битумын тауар биржалары арқылы сату көлемдері көрсетіледі (әрбір ресурс ұстаушы бойынша жоспарлы өндіруден 10%).
  2. Ресурс ұстаушылар өз битумын тікелей жол-құрылыс компанияларына сатады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымында битумды екі кәсіпорын өндіріп шығарады: Ақтау битум зауыты (Caspi Bitum) және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ). Екі зауыт 2022 жылға арналған өндіріс жоспарын орындап келеді.

2022 жылдың 7 айында ҚМГ-ның екі мұнай өңдеу зауыты 401,2 мың тонна битум өндірді, соның ішінде Caspi Bitum – 247,8 мың тонна және ПМХЗ – 153,4 мың тонна.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның екі мұнай өңдеу зауытында 2022 жылы барлығы 733 мың тонна битум өндіріледі деп жоспарланып отыр. Осылайша, ҚМГ елдің жол битумына қажеттілігінің шамамен 70%-ын қамтамасыз ететін болады.

ПМХЗ мен Caspi Bitum зауыттарында өндірілетін битум тек ішкі нарықта сатылады және экспортқа шығарылмайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>