Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Chevron басшылары бірлескен жобалардың іске асыру барысын талқылады

18.08.2022

Тамыздың 18-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Шеврон» корпорациясының төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Виртпен бейнеконференц байланысы арқылы келіссөз жүргізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС-ның мұнай мен мұнай өнімдері экспортының басым міндеттері қаралды.

Жеке қаралған мәселе мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды жүзеге асыру болды.

«Баламалы энергия көздерін іздеу бойынша әлем тенденцияларын ескерсек, мұнай-газ секторының басымдығы мұнай-газ химиясын дамыту арқылы сақталмақ. Бұл сала өндірілетін мұнай мен газдың басты тұтынушысы болады. Жүзеге асырылып жатқан полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндіру жөніндегі жобалар Chevron компаниясының қолдауының арқасында Теңіз кен орнының шикізатымен қамтамасыз етіледі», - деді М.Мырзағалиев.

ҚМГ мен Chevron басшылары Болашақ кеңейту жобасы – Сағалық қысымды басқару жобасын уақтылы жүзеге асыру және атаулы жобалардың аяқталуы мен қызметкерлердің кезең-кезеңімен жұмыстан босауына байланысты жергілікті атқарушы органдарға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>