Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

IPO өткізу жоспарлары «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында талқыланды

13.07.2022

«Самұрық-Қазына» АҚ, компанияның өзінің, қор нарығының өкілдері мен сарапшылар қор алаңындағы алғашқы ашық онлайн-кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның алдағы IPO-сын өткізуді талқылады. Еліміздің ірі мұнай-газ компаниясының IPO-сы биылғы жылға жоспарланып отыр. Орналастыру KASE және AIX биржаларында өтеді. IPO-ға қатысуға барлық қазақстандық инвесторлар шақырылады. 

«Самұрық-Қазына» қоры қызметінің стратегиялық және басым бағыттарының бірі – активтерді жекешелендіру, атап айтқанда ірі портфельдік компаниялардың IPO болып табылады.

«Ірі компаниялардың IPO мақсаттары бірнеше. Бұл Қор мен портфельдік компаниялар активтерінің ұзақ мерзімді нарықтық құнын құру, корпоративтік басқару мен операциялық тиімділік стандарттарын жақсарту, компанияларды дамыту үшін қор жинақтаудың жаңа көздерінің пайда болуы, ҚР Ұлттық қорын толықтыру», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ернар Жанәділ.

Акцияларды ұсыну ұлттық заңнаманың талаптарына, сондай-ақ биржалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Акцияларды сату, сондай-ақ ұсыныс шарттары туралы қорытынды шешімді Қордың Директорлар кеңесі мен ҚР Үкіметі қабылдайды. Шешім консультанттар консорциумының ұсынымдарына, ықтимал сұранысты алдын ала бағалауға және нарықтық жағдайларға негізделетін болады. Акциялардың бағасы, ең алдымен, өтінімдер кітабын жинау кезінде пайда болатын сұраныс құрылымына байланысты болады. 

«Акцияларды аллокациялау инвестициялық банктердің ұсынымдары және ҚМГ мен сатушы акционерлер арасындағы талқылаулар негізінде өтінімдер кітабын жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. Бөлу кезінде барлық мүдделі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтауды ескере отырып, бөлшек инвесторларға басымдық беру жоспарланып отыр. ҚМГ мен Самұрық-Қазына сапалы, әртараптандырылған инвесторлық базаны қалыптастыруға мүдделі және тез өсіп келе жатқан қазақстандық қор нарығына ұзақ мерзімді қатысуды көздейді», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев. 

Дәурен Қарабаев сонымен қатар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын сатып алудың ресми арналары кейін жарияланады, сондықтан AIX және KASE биржаларының, ҚМГ-ның өзінің және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ресми сайттарында өтінімдерді қабылдау басталғандығы туралы хабарланып, өтінімдерді берудің авторландырылған арналары көрсетілгенге дейін алаяқтардың жарнамасына назар аудармаңыздар», - деп хабарландырды. 

Талқылау барысында Қордың өкілдері мен сарапшылар IPO-ны табысты өткізу үшін ықтимал тәуекелдерге қатысты нақты мәселелерге тоқталды. Соның ішінде КҚК құбыры арқылы мұнай экспортының қазіргі жағдайы. Дәурен Қарабаевтың айтуынша, компания жағымсыз салдарды азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, сондай-ақ өзінің тасымалдау бағыттарын қайта бағдарлауға дайын. 

ҚазМұнайГаз үшін қазір Атырау-Самара, Алашанькоу және Ақтау бағыттары сияқты баламалы жолдар қолжетімді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – ірі ұлттық мұнай-газ компаниясы. Оның шоғырландырылған активтері 2021 жылдың қорытындысы бойынша 31,6 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай мен газ конденсатын өндіру 21,7 млн тонна деңгейінде қалыптасты, бұл Қазақстандағы барлық өндіру көлемінің шамамен 25%-ын құрайды. 2022 жылғы бірінші тоқсанның соңында ҚМГ тобының шоғырландырылған борышы 8,3 млрд АҚШ долларын құрап, соңғы бес жылда екі есеге дерлік азайды. EBITDA көрсеткіші 2022 жылғы бірінші тоқсанда 39,5%-ға артып, 971 млн. АҚШ долларын құрады.  

Мұнай мен мұнай өнімдерін өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға және маркетингке баса назар аударылатын болады, бұл ретте, көмірсутектерді геологиялық барлау мен өндіру, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету негізгі бағыт болып қала береді. Биыл полипропилен өндіретін KPI зауыты іске қосылады. Сондай-ақ полиэтилен мен бутадиен өндіру жобаларын іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Компания ESG және тұрақты дамудың ең жоғары стандарттарын ұстануға тырысады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>